Эпидемиялық паротит 800 есеге төмендеді

0
63
фото А.Нұршанов

Соңғы 20 жылда Алматы облысында вакцинамен емделетін ауру түрлері күрт азайған. Нақтырақ айтсақ, осы уақыт ішінде қызамықпен науқастанушылар саны 13 есеге, эпидемиялық паротит 800 есеге төмендеген. Ал, көкжөтелмен ауыратындар көрсеткіші де ең төменгі деңгейге түсіп, тіпті, дифтерияның соңғы жағдайы 2003 жылы ғана тіркелген. Бұл туралы Талдықорған қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған «Аймақтағы халықтың биологиялық қауіпсіздігі» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында айтылды.

дереккөз

БАҚ өкілдері алдында сөз алған Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов: «Соңғы кездері жалпы облыс аумағындағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде тырысқақ, оба, геморрагиялық қызбасы сияқты аса қауіпті инфекциялық аурулар тіркелген жоқ. Себебі, жыл сайын бүкіл еліміз бойынша 5 млн адамға түрлі  жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған егу жұмыстары жүргізіледі. Соның  1,3 миллионы – жасөспірім. Сондай-ақ, қазір тұрғындарды иммундау Ұлттық күнтізбеге сәйкес 21 түрлі жұқпалы ауруға ақысыз ем жасалады. Жасырары жоқ, бұрын Жетісу өңірінде оба, туляремия, күйдіргі сияқты аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошағы болған. Тіпті, облыс аумағындағы 20 ауданның 14-нен аса қауіпті инфекциялардың табиғи белгілері табылған. Мемлекеттік мекемелер тарапынан тұрақты қадағалау шаралары мен қырағылықтың арқасында аталмыш дерт дер кезінде ауыздықталды. Сонымен қатар, бүгінгі күні Қазақстанда жаңғырту, эпидемиологиялық бақылау және биологиялық қауіпсіздік жүйесі жан-жақты жетілдірілу үстінде. Осыған байланысты, 2017 жылы Алматы қаласында орталық Референттік зертхана құрылысы аяқталды. Онда биологиялық қауіп-қатерлерді сезінетін аса қауіпті инфекциялардың штаммдарына және елімізде аз кездесетін белгілі инфекцияларға ғылыми зерттеу жасалады. Оның ішінде  Денге, Зика, Эбола қызбалары, MERS вирусы және басқа да жұқпалы ауруларға уақытылы диагностикалау жүргізіледі» – деді.

Еске сала кетсек, аталған зертхана бүкіл орталық Азияға арналған жалғыз ірі ғылыми-зерттеу пункті болып табылады.

Басқосу соңында Ерғали Жақсыбекұлы тілшілердің қойған сауалдарына жауап беріп, жалпы Жетісу жұртын жаз айында жеміс-жидек, улы жәндіктер мен үй жануарларынан тарайтын аурулардан сақ болуға шақырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here