Бақыттың кілті еңбекте

0
54
фото А.Нұршанрв

Талдықорғандағы «Салтанат» сарайында «Бақыттың кілті еңбекте» атты дөңгелек үстел өтті. Ұлт қамы, ұрпақ болашағы жөнінде орамды ой айтылып, өзекті мәселелер қозғалған басқосуды  қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырған. Оған облыс орталығындағы әр саланың өкілдері, кәсіпкерлер, кезінде өңірдің дамуына елеулі еңбек сіңіріп зейнетке шыққан ардагер аналар мен ақсақалдар қатысты.

Алдымен көпшілікке аты аңызға айналып, әр қадамы ұрпаққа үлгі, елге мұра  болған батыр аналар мен белгілі қоғам қайраткерлері  жайында алдын-ала дайындалған бейнебаян көрсетілді. Онда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев, «Социалистік Еңбек ері» Зылиха Тамшыбаева сынды танымал тұлғалардың өмір жолынан үзінділер жинақталған.

Бүгінде қалалық ардагерлер ұйымының бастамасымен ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Нақтырақ айтсақ, аталған бірлестіктің жылдық іс-шаралар жоспарында ұрпаққа тәрбиелік мәні зор салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, дін мен тіл мәселелері жан-жақты дәріптелуде. Міне, бұл жастарды отансүйкіштікке баулып, жердің тұтастығы мен елдің береке-бірлігін бекемдеуге қосар үлесі мол дейді  мамандар.

фото А.Нұршанов

Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, зейнеткер ұстаз, белгілі Қонаев танушы Хания Есдәулетқызы: «Бұл дөңгелек үстелдің тақырыбы «Бақыттың кілті еңбекте» -деп аталады. Маңызы да зор. Ал, мақсаты – бұрынғы жазу сызу жоқ кездегі аналардың еңбектегі орны, отбасындағы ықпалы, бала тәрбиелеудегі іс-әрекеті, сөз сөйлеудегі мәдениеті мен рөлін таныстыру. Осы арқылы кейінгі ұрпақ санасына салт-дәстүрлерімізді сіңіріп, дінді, тілді сақтаудағы ізгі имандылықтың орнын көрсету. Осыған байланысты ана «Бір қолымен бесікті, енді бір қолымен әлемді тербетеді »дегендей, бүгінгі шараға аймағымыздағы бала тәрбиесінде жүріп,  көпке үлгі боларлық  іс тындырған  бірқатар аналар шақырылды. Олардың арасында кәсіпкерліктен «Алтын сапа» сыйлығын алғандар да бар. Ол адамдар өмірде нағыз «Бақыттың кілті еңбекте» екенін дәлелдеп келеді. Осындай кездесулер көп болса, жастарымыз оларға қарап бой түзеп, ерінбей еңбек етуге шабыт алады деп ойлаймын» – деді. Дөңгелек үстел барысында әр кәсіпкер өзінің өмірлік іс-тәжірибесімен бөлісіп, түйткілді түйіндерді шешудің жолдарын ортақ талқылады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here