Астана — ұлы дала елордасы

0
23

Елбасымыз «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» – деген. Ал денсаулық кепілі–спортта. Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен, «Ден-саулық эстафетасы! Астана-ұлы дала елордасы» тақы-рыбында мәдени-спорттық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты — Астананың 20 жылдығына орай Алматы облысы халқын жұмылдыру және өз денсаулығы үшін жауапкершіліктерін күшейту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары негізінде ұйымдастырылды. «Денсаулық эстафетасы! Астана — ұлы дала елордасы» тақырыбындағы мәдени-спорттық іс-шара Қарасай ауданынан 27 маусым күні бастау алып Кербұлақ ауданына да келіп жетті. Астана-Бас қаламыздың 20 жылдығына орай өткізіліп отырған іс-шарамыздың туын биік көтеріп, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Момбаев Болысбай Тоғысбайұлы салтанатты түрде қарсы алды. Келесі ауданға эстафета туын мәртебемен табыстау үшін Кербұлақ ауданының спорт бөлімінің басшысы Дуанаев Еркебұлан Жақанұлы және Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің психологы Мұсаханова Гүлмарал Серікбайқызы және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, Ақсу ауданына эстафета туын жеткізіп табыстады.
Іс-шараның ұйымдастырылуы Кербұ-лақ аудандық Ішкі саясат бөлімі, мәдениет үйі, Кербұлақ ауданының спорт бөлімі және Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесі қызметкерлерінің жауапкершілігінде болды.
Қазіргі танда Алматы облысының сәлемі — Эстафета Туы Елордамыз Астанаға жеткізіліп, Астана 20 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

Қ.Қалдыбаев,
Кербұлақ аудандық орталық
ауруханасы директоры.
Г.МҰсаханова,
Кербұлақ аудандық орталық
аурухана СӨСҚ бөлмесінің психологы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here