Семіз Тұрсын көрінбейді

0
46
дереккөз

Мен туып өскен қалада Тұрсын есімді бір адам болды.  Жұрт ол кісінің елден ерекше етті-жеңділігіне қарап «Семіз Тұрсын» атап кеткен. Бірде бір топ қаламгерді Мұрат Тәшімбаев деген жазушы үйіне шақырыпты. Арасында басқа қалада тұратын Тілеухан Затыбаев деген  ақын жігіт бар екен.

Дастархан басында жігіттер бірі бастап, бірі қостап қалжыңдасып отырыпты. Бірде олардың алдарына табақ толы ет әкеледі. Сойылған мал ерекше семіз, еті аппақ май болса керек. Табақтағы еттен бір түйір қарайған таппаған бір жігіт үй иесіне: « Сақтай гөр Алла! адам сойғансыңдарма мына еттерің не деген майлы?» депті. Сонда Тілеухан: «Әй осылар адам сойса сойған болуы мүмкін. Мен келгелі семіз Тұрсын  көрінбейді» – деген екен.

                                                                                           А.К

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here