Жетісу «Үркер» жүлдесін еншіледі

0
74
фото Ж.Мұсабеков

Осымен елімізде екінші мәрте  ұйымдастырылған дәстүрлі «Үркер – 2018» ұлттық сыйлығының «Үздік аймақтық баспасөз» аталымы бойынша облыстық «Жетісу» газеті топ жарды. Жақында ғана 100 жылдығын атап өткен ата басылымдағы қызметкерлерді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы барып құттықтап, аймақ басшысының ақ тілегін жеткізді.

фото Ж.Мұсабеков

Еске сала кетсек, «Үркер» жүлдесі жалпы ел көлеміндегі  ұлттық баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтап, журналистиканы дамытуға  елеулі үлес қосып жүрген шығармашылық ұжымның еңбегін бағалауға бағытталған.

фото Ж.Мұсабеков

Жиналған БАҚ өкілдері алдында Жақсылық Мұқашұлы: «Бұл екінің біріне бұйыра бермейтін  жалпы республика көлеміндегі үлкен жеңіс. Нақтырақ айтсақ, қаламын қару еткен «Жетісу» газетіндегі барлық журналистердің ортақ құлшынысының нәтижесі. Мен газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңып, ерінбей еңбек етіп жүрген  қаламгерлерді жүрек жарды қуанышымен құттықтаймын. Сіздердің әр біреулеріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, бастарыңызға бақыт, шығармашылық табыс тілеймін» — деді.

 Өз кезегінде газеттегі ұжым атынан сөз алғандар басылымның жарық көруіне жан-жақты қолдау көрсетіп, ондағы қызметкерлердің алаңсыз қызмет етуіне бар жағдай жасап отырған облыс әкіміне айрықша алғыс айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here