Тәуелсіздік тірегі – Астана

0
53
фото А.Қажеке

Талдықорғандағы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының бастамасы мен арнайы дөңгелек үстел өтті.  Осы орайда кітапхана ғимаратында оқырмандардың кітап оқуына және дойбы, шахмат ойнап, өзге де өнерін шыңдауға қолайлы «Коворкинг»    орталығы ашылды. Аймақтағы танымал ақын-жазушылар мен өрелі өнер иелері қатысқан «Тәуелсіздік тірегі – Астана» атты  игі шара Елордасы Астананың  20 жылдығына арналған.

фото А.Қажеке

Басқосуға «Жетісу» газетінің бас редакторы,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әміре Әрінұлы төрағалық етті. Жиында жеке-жеке сөз алған аймақтағы зиялы қауым өкілдері еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі Елбасының сындарлы саясатының арқасында жеткен жетістіктерге кеңінен тоқталып, даму басқыштарын атап көрсетті. Сөз кезегінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Әлімжанқызы: « Өткен жылы желтоқсан айында облыстық басқарма бас қаламыз Астаның 20 жылдығына байланысты ауқымды іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Міне, содан бүгінгі күнге дейін жалпы  өңірде 320-ға жуық  танымдық сағаттар, дөңгелек үстелдер, түрлі концерттік бағдарламалар мен  басқа да рухани кездесулер ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде аймақтағы 24 музей  68 рет алыс-жақыннан келген экскурсия меймандарын қабылдап, ұлт құндылықтарын ұлықтау аясында мәдени мұраларды тамашалауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге Елордамыздың мерейлі мерекесіне арналған 291 іс-шара өтті. Осының бәрі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біз XXI ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек» деген даналығы мен рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан істердің айқын дәлелі» -деді.  Басқосуда өңір өнерпаздары әлемге аян алаштың Астанасына ән арнаса, ақындар жыр толғады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here