Елорда — тарихымыздың түңдігі

0
52

Талдықорған мемлекеттік архивінің  оқу залында  «Астана — елімнің Елордасы»  атты шара өтті.  Оған Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қызметкерлері, сала ардагерлері  мен БАҚ өкілдері қатысты.  Шақырылған қонақтар бүгінгі Астана келбетіне қарап, мақтаныш, елжандылық сезім бойларын билейтіндігін алға тартты.

— Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік  пен өсіп – өркендеудің алтын тұғырына айналды.  Бүгінде ол дүниежүзі таныған әсем қалаға айналды. Елбасы мен Елорда –егіз ұғым. Шаһар сан тармақты, алуан сипатты ұлт мәдениеті мен өркениетінің алтын құндағына, тарихи –мәдени дәстүрлерге бай. Осы Астана арқылы еліміз өзінің жаңа отауын тікті. Оның болмысына бүкіл қазақ елінің рухы сыйып тұр.

Осынау айтулы күнге орай  өткізіп жатқан шараға  ардагерлерді, жеке тектік қор иелерін, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан қонақтар шақырылды.  Сіздердің барлықтарыңызды әсем қаламыздың мерейлі күнімен құттықтаймын,- деді Талдықорған мемлекеттік архивінің директоры Майра Байденова.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Әйгерім Тұрсынахметова мен мұрағат ардагері  Жұмагүл Байғонусова уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана – еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімнің көрінісі, арман мен тілегінің кепілі екендігіне тоқталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here