Астана серпінді дамудың үлгісі

0
75

Талдықорғандағы Оқушылар сарайында Елордасы Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған  игі шараға қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, шаһардағы бірқатар өндіріс ошақтары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері шақырылып, әр мекеменнің басшылары мен мамандары қатысты.

фото А.Нұршанов

Жиналған  қауым алдында сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қала халқын айбынды Астана күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, Дастан Тұрарбекұлы: «Бүгінде сәні мен салтанаты жарасқан еліміздің бас қаласы Астана күллі әлем халықтарының басты назарында. Ол, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатымен ерен еңбегінің, теңдесіз қабілетінің  арқасында тұрғызылды. Мемлекет басшысы «Астана ежелгі қазақ жерінің төрі, мемлекет дидары, халық мерейі деп ерекше атап көрсеткен болатын. Арманға айналған Астана қазіргі кезде елдігіміз бен Тәуелсіздігімізді айшықтай отырып, әлемдік аренада өз орнын таба білді. Астана еліміздің барлық өңірлері үшін серпінді дамудың үлгісі. Сондықтан, еліміздің әрбір облыс орталығы, басқа да шаһарлар бас қалаға қарап бой түзеуде. Осыған байланысты Алматы облысының орталығы да жыл санап өсіп өркендеп келеді. Аталған  20 жылда көптеген оң өзгерістер мен игі бастамалар қолға алынды. Мәселен, Талдықорған қаласындағы тұрғындардың саны 57 мыңға  көбейіп, көптеген жаңа өндіріс орындары ашылды. Өнім көлемі  бұрынғы 5 млрд теңгеден 67 млрд теңгеге дейін өсті. Қала экономикасына жұмсалған  қаражат көлемі де айтарлықтай жоғарылап 56 млрд теңгеге жетті. Қала маңынан бірнеше жаңа шағын аудан бой көтеріп, 2001 -2018 жылдар  аралығында 80 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, қалада жылына орташа есеппен 3900  сәби дүниеге келуде. Жылдан жылға қаламыз көптеген әлеуметтік нысандармен толығып тұрғындарға қызмет сапасы жақсарды. Осының барлығы талдықорғандықтардың ортақ құлшыныстарының нәтижесі. Биылғы Астана күні қарсаңында қаладағы төрт көшеге Астана, Қ.Жалайыр, З.Тамшыбаева, Б.Әшімов атауы беріліп, жаңа Жетісу аркасы ашылмақ. Сонымен қатар бас қаламызға жалпы Жетісу жұрты атынан аумағы 15 гектарды құрайтын «Жетісу» саябағы тарту етілді » – деді.

Фото А.Нұршанов

Сөзінің  соңында қала әкімі шаһардағы  ел дамуына елеулі үлес қосқан «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының бірінші орынбасары Асия Ахметованы, қалалық мәслихаттың хатшысы Қайрат Бұлдыбаевты, ҚР білім беру саласының үздігі, зейнеткер Олег Савченко сынды адамдарды Астаның 20 жылдығына арналған мерекелік медальдармен марапаттаса, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Қаби Баулықовқа Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Сонымен бірге Грузия елінен жүлделі оралған «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұжымы мен  тағы біраз қызметкер қала әкімінің арнайы Алғыс хатына ие болды. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here