Дифтериядан сақ болыңыздар!

0
71

Дифтерия —  өмірге қауіпті, жіті жұқпалы ауру. Ол  жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынуымен, негізінен жұтқыншақтың (шамамен 90%), мұрын, тері, көздің немесе жыныс мүшелерінде қабыну түрінде өтеді.

Алайда, негізгі қауіпті тыныс жолдарының қабынуы емес, дифтерия таяқшалары бөлетін токсиндер шақырады. Токсин жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесін зақымдайды.

Дифтерия қалай беріледі?

Дифтерия жұқпасымен сырқаттанған науқаспен немесе сау бактериотасымалдаушымен тікелей байланыс кезіңде немесе түшкіру, жөтелу кезіңде ауа-тамшылы жол арқылы тасымалданады. Сондай-ақ, бактериялар түскен киім және басқа заттар (ыдыстар, ойыншықтар) арқылы да берілуі мүмкін.

 Аурудың белгілері

Оның белгілері инфекцияны жұқтырған сәттен 2-5 күннен кейін пайда болады. Тамақтағы ауру сезімі және дене қызуының көтерілуімен басталып, ауру белгілері бірте-бірте көбейеді. Ары қарай бактериялар токсин бөліп, ол тамақта қалың сұр түсті жабындының пайда болуына алып келеді. Жабынды (дифтерия пленкасы) тыныс алу мен жұтынуды қиындатып, «қабаған» жөтел шақырады, сонымен қатар тыныс жолдарының обструкциясының себебі болуы мүмкін.  Токсин қанға өте тез сіңеді де,  жүректе, бүйректе және жүйке торында шөгіп, асқынуларды тудырады (миокардит, нефроз, полиневрит). Осы асқынулар аурудың ауырлығын айқындап, және де қапалы жағдай-өлімге алып келеді.

Дифтерияға қандай ем қолданылады?

Дифтерия  емінде дифтерияға қарсы сарысу қолданады.  Сонымен қатар, бактерияларды жою, токсиндердің өндірілуін тоқтату және инфекцияның басқа сау  адамдарғаберілуін тоқтату үшін науқасқа антибиотиктер тағайындалады.

 Сырқаттанудың алдын алуы?

Бұрын-соңды вакцинация алмаған балаларда дифтерия ауыр ағымда өтуімен қатар,  өлім-жітіммен аяқталуы мүмкін. Сондықтан да, дифтеияның алдын алудағы ең тиімді шарасы ол — вакцинация. Бұл мақсатта адамдарға дифтериялық анатоксин енгізіледі, бұл дифтерия бактериясы бөлетін токсиннің қауіпсіз өнімі болып табылады.  Бұл зат өз кезегінде организмде  осы қауіпті токсинге қарсы антиденелердің пайда болуына алып келеді. Балаларды жоспарлы иммундау 2,3,4,18 айда және 6 жаста АбКДС вакцинасымен жүгізіледі.  Сонымен қатар, ересектерді де вакцинациялау өте маңызды, оны 16 жаста, және де әр-бір 10 жыл сайын (26,36,46,56) АДС-М вакцинасымен жүргізіледі.

С. Капсаламова

ҚР ҚДСК Алматы облысы ҚДС департаменті Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы           

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here