«Былғары доп-2018» чемпионаты басталды

0
113
Суретті түсірген Айдын Нұршанов

Бүгін футболдан «Былғары доп-2018» жазғы қалалық Чемпионаты басталды. Мектеп оқушылары және балалар аула клубтары арасында өтетін сайысқа биыл 48 команда қатысады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оқушылардың жазғы демалыс күндерін тиімді өткізу. Қала әкімдігінің мұрындық болуымен өтіп жатқан жарыста балалар үш жас ерекшелігі бойынша бақтарын сынамақ. Яғни, жасыл алаңда 3-4, 5-6 және 7-8 сыныптың оқушылары өзара үздіктерін анықтайтын болады.

Жарыстың ашылу рәсіміне Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев, грек-рим күресінен Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және каратэден әлем чемпионы Мерей Сүйінов қатысты. Салтанатты шарада сөз алған Дастан Тұрарбекұлы балаларды чемпионаттың ашылуымен құттықтап, айтулы жарыстың маңызына тоқталды. Әрдайым спортпен шұғылданып жүрудің артықшылықтарын айтып берді. Сонымен қатар оқушыларға оқуда да озат атанып, болашақта мықты азамат болып ер жетулеріне тілектес екендігін жеткізді. Артынша, жарыстарға дайындалу мақсатында әр командаға 5-тен жалпы, 250 доп таратылды.

Осыдан кейін чемпионаттың алғашқы ысқырығы естілді. Ойынға теңбіл допты қала әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев қосты.

Ендігіде жарыстар әр аптаның сейсенбі және бейсінбі күндері өтетін болады. Жалпы айтқанда 150-ге жуық кездесу болады деп күтілуде. Барлық матч 12 және 17 мектептің стадиондарында өтеді. Жарыс жеңімпаздары тамыз айының аяғында белгілі болмақ.

Айта кетейік, осы ойынның басталып аяқталғанына дейін облыстық дəрігерлік денешынықтыру диспансерінің бригадасы қажетті дəрі-дəрмектерімен жəне медициналық бұйымдарымен толықтай кезекшілігін атқарады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here