Кәріз құдығы 3 адамның өмірін жалмап кетті

0
157
дереккөз

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында 3 адам қайтыс болды. 2-шілде күні аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесін тазалауға келген сантехник мамандар құбырдың жарылуы салдарынан уланып қалған. Бір адам оқиға орнында көз жұмса тағы бір сантехник маман мен дәрігер аурухананың жансақтау бөлімінде жантәсілім етті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Оқиға барысында тағы 2 адам зардап шеккен. «Аурухананың тағы бір дәрігерінің жағдайы ауыр болғанымен, бүгін тұрақталды. Таңертең ғана ол дәрігерді өкпені жасанды желдету апаратынан ажыраттық. Қазір ол өз бетінше дем алып жатыр» дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Өмірзақ Ниязбеков.

Қазір оқиға орнында арнайы штаб құрылып, құзырлы органдар тергеп, тексеру амалдарын жалғастыруда. ҚР ҚК 156 бабының 4-тармағы бойынша, яғни еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша оқиға орнында тексеру жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға байланысты құрылған комиссия 10 күн ішінде жұмыстарының нәтижесін жариялайтын болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, бүгінде қайтыс болған азаматтарды соңғы сапарға шығарып салу жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр. «Марқұмдардың отбастары мен туған туыстарына төленетін өтемақы мөлшері бүгін кешке дейін белгілі болады. Ол туралы біз қосымша хабарлаймыз. Жағдайды облыс әкімі бақылауында ұстап отыр. Марқұмдардың туған-тусытарына қайғырып, көңіл айтамыз» деді Ғ.Жүкел баспасөз мәслихатында.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here