Спартакиада

0
60
фото авторы: Айдын Нұршанов

Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев әскери гарнизондар арасында өткен спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасында өткізілген Спартакиадаға 11 әскери бөлім қатысып, спортың 19 түрінен шеберлік байқасқан.  Атап айтқанда, шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, футбол, волейбол,  баскетбол, «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» байқауы, қол күрестіру, үстел теннисі, шағын-футбол, жазғы Президенттік көпсайыс, қоян қолтық ұрыс, суға жүзу, әскери көпсайыс, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, күштік екісайыс, табельдік қарудан ату, бильярд және қазақша күрес бойынша әскерилер өзара үздіктерін анықтаған.

Жиын барысында шаһар басшысы осы жарыстың өтуіне тікелей қолдау көрсетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырған әскери бөлім командирлері мен басшыларын Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Спартакиаданың қорытындысы төмендегідей:

1-орын № 54380 әскери бөлімі
2-орын № 21751 әскери бөлімі
3-орын № 18404 әскери бөлімі
4-орын № 18386 әскери бөлімі
5-орын Әскери полиция бөлімі
иеленді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here