МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!

0
47
Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен суицидке қарсы “Мен өмірді таңдаймын!” атты семинар өтті. Аталмыш шараға мектеп психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жастар қатысты.

Мұндағы мақсат – жастар арасында суицид туралы мағлұматтарды жан-жақты түсіндіру, түрлі қиындықтар мен тығырықтан шығу жолдарын айқындау, өмірге деген құлшыныстарын арттыру. Өткен жылы еліміз бойынша 3644 өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген. Ал, бұл жағдай облысымызда 370 құраса, оның 18 кәмелеттік жасқа толмағандар. Жиынға арнайы келген дәрігер-суицидолог Дидар Аушинов пен Надежда Ханина суицид деген не, бұл дертті болдырмаудың жолы қандай, жасөспірімдердің мұндай қадамға не себепті баратындығы жөнінде айтып өтті. Мамандар “Мұндай қадамға баратындар отбасындағы және қоғамдағы мәселелер ауыр тиіп, психологиялық күйзеліске ұшырайды. Соңында қайғылы жағдайға душар болады. Баламен жиі-жиі сырласып, жеке басындағы мәселелерін шешуге көмектесу қажет”-дейді. Айта кетейік, қазіргі таңда Жастарға қызмет көрсету орталығында “Рухани-адамгершілік, құқықтық тәрбие беру бөлімі” жұмыс жасауда. Аталмыш бөлім алдағы уақытта облыс көлемінде жас ұрпақ үшін маңызды бірқатар шаралар өткізуді жоспарлауда.                                                                                                       

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here