Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра

0
66
дереккөз

«Қос ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра,

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра» демекші, ұлтымыз үшін осы бір киелі аспаптың орны бөлек. Осыған байланысты Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 12-ші маусымдағы  № 699 Бұйрығымен елімізде шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілгені белгілі.

дереккөз

Алғаш рет аталып өтілгелі отырған айтулы күні Жетісу жерінде ауқымды шаралар қолға алынбақ. Соның бірі Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлының айтуынша, мереке күні аймақта дүниеге келген сәбиге Ассамблеяның логотипімен  ұлттық домбыра аспабы тарту етілмек. Міне, бұл аймақтағы ұлтаралық татулықты дәріптеп, береке-бірлікті бекемдеп отырған 100-ден астам этнос өкілдерінің ізгі ілтипаты. Ғалымдардың пайымдауынша, қасиетті домбыраның  алғашқы нұсқасы  Алматы облысы аумағынан табылған деген болжам бар. Оған Жамбыл ауданындағы тасқа қашалған тарихи мүсіннің өзі куә. Нақтырақ айтсақ, осыдан шамамен 4 мың жыл бұрын тасқа басылған домбыра тартып отырған бір адамның маңында мың бұрала билеп жүрген бірнеше сылқымды анық көруге болады.  Зерттеушілер  бұл суреттерді неолит дәуіріне жататындығын дәлелдеуде. Бүгінде әр қазақтың төрінде тұрған қасиетті қара домбыраның 20-дан астам түрі бар. Олар ән, күй, торсық, тұмар, жіңішке, ащы дауысты, қуыс мойын, кең шанақты шертер, оркестр домырасы және  қоңыр үнді, бас домбыра болып сан алуан түрге бөлінеді. Ал, 1500 жылдық тарихы бар Моңғолия, ШҚО Алтай өңірінен табылған домбыра мүсінді көне жәдігерді ғалымдар шамамен сақ дәуіріне  тән құндылық  деп дәлелдеуде.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here