Жетісудың ең үздік тауар өндірушілері анықталады

0
47
Дереккөз

28 маусым күні облыс орталығында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді. Биыл бизнес үшін маңызды байқауға Алматы облысының 50-ден астам отандық кәсіпорны қатысуда.

Жеңімпаздарды үш негізгі аталым бойынша анықтайды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлар». Сонымен бірге ағымдағы жылы «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» атты қосымша аталым тағайындалған. Жеңімпаздарға естелік статуэтка, ақшалай сертификат тапсырылып, байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама беріледі.

Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Атамекен» ҚР ҰКП байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова, Алматы облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов және бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Ертең көрме-байқауда қала тұрғындары мен қонақтары үздік компаниялардың түрлі өнімдерімен танысып қана қоймай, тауарларды өзіндік құнына сатып ала алады.

Көрме-байқаудың ашылуы Кәсіпкерлер палатасында (8 ы/а, Көрме кешенінің ғимараты) сағат 09:00-де.

Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Салтанат Сарайы ғимаратында сағат 11:00-де өтеді.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here