Қазақ елінің жазу тарихы

0
60

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған ел жаңғыруының басты бағыттарының бірі қазақ алфавитін  латын әліпбиіне көшіру мәселесі.

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.

 Тіл — ақпаратты жеткізу, қарым-қатынас құралы. Ал, тілден бөлек көне заманнан күні бүгінге дейін жеткен мұра қағаз беттерінде сақталып қалған деректерге келіп саяды.

Жазу — барлық халыққа ортақ, мәдениеттерді  жалғастырушы, байланыстырушы  құндылық.

Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Көненің көзі болған кітап, ескерткіш, архив, заңнамалар жинақтары, бұдан да бөлек барлық деректер  жазу арқылы бүгінгі күнге жетті.

Өркениеттің өнегесі, ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл болса,  сол тілді күллі әлемге таратып, ғасырдан — ғасырға қалдыратын тетік – жазу.

Әлемдік өркениетте кеңінен қолданылатын, б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрускі әліпбиінің  тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырында қалыптасқан латын әліпбиі бүгінгі таңда да жаһандық дәуірде дамыған елдердің қолданатын жазуы болып отыр.

Болашаққа бүгіннен көз салып, ертеңгі ұрпақтың қамын күні бүгін  ойлайтын көшбасшымыз Елбасы биылғы халыққа Жолдауында «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.  Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»-деген.

Сайын дала төрінде Қазақстан жерін жайлаған  ғұн, сақ тайпалары пайдаланған  ескі жазуынан бастау алып, көне замандағы қазақ руларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы, одан келе  көне ұйғыр жазуы, арабтардың қазақ жеріне келуінен кейінгі  VIII ғасырдан  бастап қолданылған араб жазуы, Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуына байланысты, Кирилл мен Мефодий негізін қалаған кириллица, тіл атасы Ахмет Байтұрсынов енгізген тоғыз төл әрпі  бар қазақ   алфавиті – қазақтың көне заманнан  келе жатқан жазуының тарихы.

Бүгін қазақ елінің жазуы тарихында тағы да бетбұрыс кезеңі. Біз дамыған 30 елдің қатарына ену жолында батыстық өркениеттердің мықты тұстарын қабылдағанымыз жөн.

Латын әліпбиі –әлемдік  мәдениет құбылысы, қазіргі заман талабы. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.

Осы орайда, Кербұлақ ауданы бойынша латын әліпбиіне көшу туралы айқын бағыт-бағдар беру, латын әліпбиінің маңызы мен қажеттілігін түсіндіру мақсатында семинар, дөңгелек үстелдер, халық арасында сауалнама, пікірталас алаңдары, флешмоб өткізіліп отырады. Соның бірі — таяуда аудандық кітапхананың оқырман залыңда өткен «Латын әліпбиі — өркениет өрісі» атты кітап көрмесі.

  Елбасымыз өз сөзінде «Сөз бастаған шешен болу – бір қиын, елің үшін есен болу бір қиын, тайғақ кешіп, ақ жол тауып адаспай, көш бастаған көсем болу – мың қиын»- деген болатын. Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде қазақ елі революция емес, дұрыс жүргізілген  реформалар арқасында ұлан — ғайыр жетістіктерге жетті. Оған шағын ғана мысал, бүгінде еліміздің жүрегі елордамыз  Астана қаласын,  салған ерлігі. Елбасымыздың алға қойған бастамаларын білек сыбана кірісіп, жүзеге асыру арқылы жарқын болашаққа жол бастайтынымызға сенімдімін.

Зере Сайлау,

Алматы облысы ішкі саясат басқармасы

өңірлік коммуникациялар қызметі

аудандармен жұмыс істеу бөлімінің

бас маманы, баспасөз хатшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here