Жемқорлықпен күрес — өзекті

0
62

«Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында «Сарыөзек» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімінің орынбасары Ляйля Төлегенова аудандық білім бөлімі ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Л.Төлегенова өз сөзінде: «Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес — ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Жемқорлық — қаупі жағынан экстримизмнен еш кем емес жау. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға күш салу, кү-ресу баршамыздың парызымыз. «Еңбектің наны тәтті» — дегендей адал еңбекпен табысқа жету, адал еңбекпен елдің экономикасын дамытуға, ата-бабамыздан мұра болып қалған құнарлы жер байлығын сақтауға, дамыған 30 елдің қатарына кіруге, тура жолмен еңбек етіп, күш салу барлығымыздың еншіміздегі жауапты іс болмақ.

Ендеше, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал еңбек етіп, жас ұрпақтың
бойына ұлттық құндылықтарымызды дарытып әлемдік бәсекелестікке шығу — қоғамның дамуы.», — деп сөзін қорытын-дылады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here