Өзгерістің алғашқы қадамы

0
50

Бүгінде бұл қоғамның білімге деген талап пен тілегі өте жоғары. Білім саласы сан тараулы ақпараттарға толы. Қазақстандық болашақ білімді ұрпақты даярлайтын мұғалімдер қауымы болғандықтан, олар ешбір жаңалықтарды қалт жібермеуі  тиіс. Соның дәлелі бүгінгі таңда аудан орталығы Сарыөзек ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепте ағымдағы жылдың мамыр айының 14 мен маусым айының 8 күндері аралығында ауданымыздың қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді дайындау курсы өтті. Аталмыш курсқа ауданымыздан  24 пән мұғалімдері қатысты. Олар әлемдік стандарттарға сәйкес 1 ай бойына теориялық білім алып, оны тәжірибе жүзінде алдағы оқу жылдарында көрсетпек.

Жаңартылған білім беру курсының жалпы мақсаты — оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен және критериалдық бағалау жүйесімен таныстыру болып табылады. Бұл барша қазақстандық оқушылар үшін өте тиімді оқыту екендігін  бүгінгі заман талабы растауда.Толқынның құлашын кеңге жаюы үшін жел тууы қажет болса, ұстаздар тәжірибесінің шыңдалуына мұғалімдер бағдарламаның идеясын түсініп, ағынды тасқындай қызу жұмысқа кірісуі серпін беретіндігін баршамыз білеміз. Осы курстың барысында тыңдаушылар өз ойларымен бөлісіп, білім беру саласындағы жаңашылдықтардан қалыс қалмай, ілесуге ынталы екендіктерін өздерінің үлкен қуаныштарымен жеткізді.

Курсты өткізуші тренер  Болсынбаева Аманғайша Жолдыханқызы («Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚФ Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру институты мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы) осындай озық педа-гогикалық тәжірибелерден бастау алып, қарқынды еңбектен туындаған, өзгеріс аясындағы ізденіспен жаңартылған бағдарламалар Қазақ-станның білім әлеміне жаңа түр беріп, мұғалім атаулыны қызықтыра түсетіндігіне ерекше толғаныспен тоқталып өтті.

Жаңартылған  бағдарлама бойынша курсты өткізу барысында оның әр тұсының басымдылығына мән беруге ұстаздар қауымы барынша тырысып бақты. Енді осы бағытпен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне білім көкжиегін кеңейтіп, жаңаша түрленген бағдарлама идеясымен жұмыс жасауға жол салу мақсаты туындады. Ол өз кезегінде мұғалімдердің құндылығы мен ұстанымын жаңартуға, сол арқылы жоспарлау үдерісін жаңашалауға бағытталып отыр. Ендеше, осы курс шеберлікті шыңдауға игі бастама болмақ деп есептеймін.

Ардақ ӘжІбекова,

Күреңбел қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here