Спорт, теңдей мүмкіндік

0
56

«Сарыөзек» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Кербұлақ ауданының «№9 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» КММ-де  «Нұр Отан» партиясының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық  жобасы аясында ерекше мұқтаж балалар арасында «Спорт-теңдей мүмкіндік!» атты аймақтық турнир өтті.Жарыстың мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау, ұдайы қолдау көрсету. Балаларды өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезіндіру.

Жарыс 4 кезеңнен өтіп, жүргізуші К.Байбосынова ойын ережесімен таныстырып  шықты. Балалар «Қыран» және «Сұңқар» тобы болып екіге бөлініп, белсенділік танытып, сайысқа қызығушылықпен қатысты. Әділқазы алқасы мекеме басшысы Г.Нұрышева, «Сарыөзек» БПҰ төрағасының орынбасары Л.Төлегенова және «№9 пси-
хологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» КММ педагог психологы  Қ.Серікбаева болды.

Сайыс нәтижесінде екі топ тең түсіп, «Сарыөзек» БПҰ төрағасының орынбасары Л.Төлегенова жарысқа қатысқан балаларға алғыс айтып, келешекте үлкен азамат болуларына тілегін білдірді. Сондай-ақ, «Қыран» және «Сұңқар» топтарын марапатап, ерекше қажырлығымен көзге түскен Айзада Сүлеймен, Өтелбай Шыңғысты  мадақтамамен  марапаттады. Сайыс соңында қатысушы балаларға тәттілер таратылды.

Әсемгүл ОМАРОВА,

Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі
жөніндегі нұсқаушысы. «Нұр Отан» партиясының  мүшесі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here