Талдықорғандық білімгерлер «3.2.1. Старт!» жобасының финалында

0
73
Дереккөз

CCI Қазақстан компаниясы мен «Орталық Азияның Евразия Қоры» жастардың экология және әлеуметтік саладағы маңызды бастамаларын қолдауға арналған  «3.2.1. Старт!» жобасын өткізуде.

Мұндағы мақсат – жастарға өңірлердегі өзекті проблемаларды анықтап, оларды кәсіпкерлік және  әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын ұсыну арқылы шешуге мүмкіндік беру. «Бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік және экологиялық мәселелер жетерлік. Бірақ оған бей-жай қарамайтын жастардың да саны аз емес. Оларда республиканың түрлі аймақтарындағы экологиялық мәселелерді нақты шешуге бағытталған идеялар бар. «3.2.1. Старт!» жобасы сондай белсенді жастарға арналған»-дейді ұйымдастырушылар. Биыл жобаға 70-тен астам қатысушы өтініш білдірсе, комиссия мүшелері барлық талаптарға сай келер  10 үздік жоба авторларына финалға жолдама берген.

Дереккөз

Айта кетейік, финалистер арасында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері  Дина Казибаева мен Тоғжан Жұманғазиева бар.

Дереккөз

Тоғжан Жұманғазиева «Менің жобам «Биопакеттер» деп аталады. Біз күнделікті өмірде полиэтилен пакеттерін қолданамыз. Оның табиғатқа тигізер зияны ұшан-теңіз. Болашақта кәсіпкер болсам, өз жобам арқылы бір ғана қаланы емес, жалпы Қазақстанды қамти алатын шығармын деп ойлаймын. Бұл істі 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап қолға алдым. Осыншама уақыт жұмсалғандықтан жақсы нәтижеге жетсем екен деп ойлаймын»-дейді. Алдағы уақытта қатысушылар бизнесті жоспарлау, маркетинг, қаржы және таныстырылым жасау бойынша түрлі тренингтерден өтеді. Оларға Зарина Биюмбаева, Расул Рысмамбетов, Ерлан Тургумбаев, Надежда Червякова және Вахтанг Джапаридзе сынды танымал қаржы сарапшылары дәріс өтпек. Ал, 28 маусым күні конкурсқа қатысушылар жобаларын қорғайды. Нәтижесінде үздік деп танылғандарды жүзеге асыру үшін арнайы  грант беріледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here