Жаңа балабақша ашылды

0
106

Елбасы қолдауымен жекеменшік –мемлекеттік әріптестік негізінде балабақшаларды салу ісіне кәсіпкерлер көптеп тартылуда. Бүгінде оның шарапаты Талдықорған қаласының  бүлдіршіндеріне де тиіп отыр. «Тукенов» ЖШС  «Кішім апа» балабақшасы  Астана күні қарсаңында ел игілігіне берілді. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жиналғандар алдында сөз алып, ізгі ниетін білдірді. «Еліміз үшін әр шаңырақта өсіп келе жатқан өрімдей ұл мен қыздың тәрбиесі — әр кезде басты назарда болмақ. Кәсіпкердің ел игілігіне атқарған ісі – балдырғанға бақыт, ал, ата-анаға қуаныш сыйлады»- дей келе, тұрғындарды жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады.

Қала бойынша 8526 бала балабақша кезегінде тұрса, оның 1529-ы  3-6 жас аралығын қамтиды.  Биыл  5 балабақша ашу межеленіп отыр.

Пайдалануға берілген «Кішім апа» балабақшасы жергілікті кәсіпкер Еркін Еділұлының қолдауымен бой көтерді. Кәсіпкер бұл  ісін  бүлдіршіндердің жарқын келешегіне қосқан үлесі деп біледі.

-Менің анам Кішімнің атын балаларым осы мектепке дейінгі тәрбие мекемесіне береміз дегенде қарсы болмадым. Елжанды, қайратты адамның атында балабақша аталса,  бұл жерде тәрбиеленетін бөбектер де еліне қадірлі, тәрбиелі  болсын деп тілеймін. Балабақшаға аты берілген Кішім апаларың  соғыс кезінде 1 миллион пұт астық жинап, майданға жөнелткен  Еңбекшіқазақ ауылының тумасы. Сол жерде колхозда жұмыс жасаған кісі, оның  қайраттылығы  мен жігерлігі ел аузында. Ауылдағы еңбеккерлерден қаржы  жинап, танк зауытына көмектескен. Сталиннің қолы  қойылған грамотаны алған кісі. «Ел боламын десең,  бесігіңді түзе» дегендей, балалар бақытты болсын, дендері сау, аман-есен өсе берсін — дейді ақ батасын берген Сара Ағыбайқызы.

Ботагөз Еділқызы, балабақша меңгерушісі:

Жаңадан ашылған балабақшада арнайы психолог маманы және ағылшын тілінің мұғалімі, логопед, жалпы 22 адам  жұмыс істейді. Барлық жағдай қарастырылып отыр. Мектепке дейінгі мекеме барлық заманауи талаптарға сай, бұрынғы мемлекеттік типтік  балабақшаны жекешелендіріп, күрделі жөндеуден өткізген. Екі қазақ және екі орыс тобы бар, 100 балаға лайықталған. Балдырғандарды 1 жарым жастан қабылдаймыз. Төлемақысы- 18 мыңдай болады деп ойластырып отырмыз. Қаладағы Біржан сал мен Төлебаев көшесінң қиылысы, орталықта.

Келген қонақтар балабақша ішін аралап көрді. Ал балдырғандар би билеп,тақпақ айтты. Өнерлі балаларға сыйлық тарту етілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here