Жемқорлықсыз өмір –жарқын болашаққа кепіл!

0
66

Адал еңбек – ар тазалығы. Адамзат — тарих сахнасына шыққан ғасырлар үрдісінде ақыл-ойдың талай-талай тамаша үлгілерін жасады. Алайда, өркениет өріне шыққан адамзаттың тамырына балта шаба алмай отырған бір кеселі – «сыбайлас жемқорлық» атты індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол — саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

 Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алдын алу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» — деді. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнамалық база құрылды. Елбасының «100 нақты қадам» — Ұлттық жоспарының арқасында көптеген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу немесе тыю сияқты шаралар жасалынуда. Солардың ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңында көрсетілгендей : Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді. Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарлама бойынша заңға сәйкес шаралар қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. Бұл тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көріну жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.           Қорытындылай келе, жемқорлық –қаупі жағынан экстримизмнен еш кем емес жау. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға күш салу, күресу баршамыздың парызымыз. «Еңбектің наны тәтті» — дегендей адал еңбекпен табысқа жету, адал еңбекпен елдің экономикасын дамытуға, ата-бабамыздан мұра болып қалған құнарлы жер байлығын сақтауға, тура жолмен еңбек етіп, күш салу барлығымыздың еншіміздегі жауапты іс болмақ. Ендеше,сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал еңбек етіп,жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп әлемдік бәсекелестікке шығу — қоғамның дамуы. Ала жіптен аттамай сүрілген өмір – ең мәнді өмір

Е. Сапаров, Талдықорған қалалық мәслихаты, №7 сайлау округінің депутаты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here