Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз

0
37

 Бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемде: өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе көп балалы отбасы, толық емес отбасыларының балалары араласады. Сонымен қатар олардың білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне және кіріс көздеріне қол жеткізуі шектеулі. Осылайша, қиын жағдай қалыптасады: балаларды еңбекке тарту олардың болашақта білім алу перспективаларын нашарлатады.

Бала — ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірі, әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс. Бұрындары біз «Бала біздің болашағымыз!» десек қазір «Бала біздің бүгініміз! екенін» күн өткен сайын тереңнен ұғынымуымыз керек.

Халықаралық статистика мәліметіне сүйенсек, дүние жүзінде 200 млн.астам кәмелетке толмаған жасөспірім ересектер қатарында жұмыс істейді және олардың жартысынан көбі бала еңбегінің ең ауыр түрлерімен айналысуға мәжбүр. Көбіне жасөспірімдердің еңбегі үлкен қалалалар да, ауылшаруашылығында, кәсіби біліктілікті қажет етпейтіндіктен пайдаланылады. Өкінішке орай Қазақстанда осы елдер қатарында. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенцияны басшылыққа ала отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделін қорғау мақсатында және аудандық білім бөлімінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 391 хаты негізінде қазіргітаңда ауыр жұмыстарға балаларды тартудың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылып, бұйрық шығып, бекітілген.

Аудандық білім бөлімінің 2018 ж. маусым айының 04 күнгі хатын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың Құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылдың 1-12 маусым аралығында Күреңбел қазақ орта мектебінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн!» атты Ұлттық ақпараттық науқаны «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен іс-шара өтті.

«Бала еңбегін қанауға қарсымыз!» рейді мектеп әкімшілігімен және кезекші мұғалімдермен «Береке», «Жетісу», «Даулет», «Құрмет» кафелері мен СТО техникалық қызмет көрсету орталықтарында, жеке кәсіпкерлердің сауда нүктелерінде, ағаш өңдеу орталығында, құрылыс алаңында мектеп оқушыларының еңбегін қанау бар ма? жұмыстары жүргізілді. (бар ағаш өңдеу орталығында, кафелерде даяшы, ыдыс жуатыны, әншісі мен бишісі т/б)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми ақпараты бойынша өткен жылмен салыстырғанда балалармен орын алған жазатайым жағдайлардың 2 есеге артуына байланысты білім беру ұйымдарында балалардың биік ғимараттардың терезелерінен, балкондарынан және шатырларынан құлауымен байланысты болатын қайғылы оқиғалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіліп, әр сыныпта ата-аналар жиналыстары өткізілді.

Мәселен, қазір кәмелетке толмаған балғындар мейрамханалар мен түнгі клубтарда даяшы қызметін атқарады. Көпшілік: Пысығын-ай мына баланың. Әке-шешесіне салмақ салмайын деп өз еңбегімен ақша тауып жүргенін қарашы. Ертеңін ойлаған бала, міне, осылай еңбектенеді- деген пікірде болады. Ал өз қаражатын тауып жүрген баланың тәрбиесіне бас қатырып, оның бар жоғын түгендеп, сағатқа қарап сарғайып отыратын ата-ананың аздығы көңілімізге көлеңке түсіреді. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Осы әрекеттен ұтылып жатқан тек бала мен ата-ана. Өз ісін ұршықша иіріп, дөңгелетіп отырған жұмыс берушіге бұл әрекет өте тиімді.Себебі жас баланың еңбегі ересек адаммен салыстырғанда әлдеқайда арзан және балалар кейбір еңбек түрін физикалық тұрғы да ересектерден едәуір жақсы, әрі жылдам атқарады. Мұны бір десек, енді екіншісіне көңіл бөлейік. Ересектерге қарағанда балаларды басқару оңай, олардың икемдігі мен дағдылары аз болса да, өз құқықтарын жете түсінбейді. Әуре сарсаңға салмайды және тез бейімделгіш келеді. Десе де қыз мейлі, ұл болсын, оның кешкі уақытта мейрамханалар мен түнгі бар, клубтардың ауласында жүргені жақсылықтың нышаны емес. Жұмыс жасап жүрген бар баланы теріс жолға қадам басады деп айтудан аулақпыз. Десе де, «жастық шақта ойнада күл, жалында» деп шоқ басып қоя ма деген ойды да санадан мүлде сызып тастауға болмайды. Сол себепті балаға көп ақша тапқызамын деп жүріп, ерте еңбекке араластырып, өмір бойы өкініп қалудан сақтаныңыздар дегіміз келеді.

ҚР –ның заңдарына бала еңбегіне шектеу қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар, ҚР Конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Бұл шара бала еңбегін реттейтін арнайы заңмен де толықтырылған. «Бала еңбегін қанауға қарсымыз!» атты акция барысында: бала еңбегі мәселесіне қоғамның назарын аударту, балалардың құқын қорғау. Сол себепті, ата-аналар өз балаларыңыздың істеп жүрген жұмысын, ондағы негізгі міндеттерін жұмыс берушіге жолыға отырып, көзіңізбен көруге құқыңыздың барын ұмытпағайсыз. Бірақ біздің қоғамда баласының қайда, қалай жүргенін білу үшін саусақ қимылдатындар тым аз. Иә, бала құқы тек ұстаз мойнына артылған жүк пе? Ертеңгі болашағымыздың негізгі діңгегіне айналған баланы бүгінде сіз боп, біз боп, көпшілік боп қорғауымыз тиіс, мұнда ата-ана ролі ерекше . Тіпті, мемлекет тарапынан «Балаларды бірігіп қорғайық!» (құқық қорғау органы, білім бөлімі, ауруханамен саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бірлескен жоспары) бекіту және орындалуда. Осындай игі шаралар ұйымдастырылуы да соның айқын дәлелі.Сондықтанда, көзқуанышыңыздың ата-анасы ретінде өз құқыңыздың бүгіннен ойласыңыздар ертеңгі күніңіздің жарқын болары анық.Қазақстан Республикасындағы құқықбұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес бағдарламасына, сондай-ақ кешенді тәрбиелеу бағдарламасына сәйкес мектепте жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оқушылардың мемлекеттік заңдарын білуге, оған құрметпен қарау, құқықтық сауаттылығы мен мінез-құлық ережелерін түсіндіретін сынып сағаттары, құқық пәні мұғалімдерімен құқық мәселелеріне арналған тақырыптық дәрістер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, кездесулер т/б өткізіледі. Балалар қылмысы мен бақылаусыздығының алдын алу бойынша бірлескен жұмысқа АІІБ-нің Ювеналды полиция инспекторлары тартылған. Ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмейді, бала тәрбиесін мектепке ысырып қойған.

Тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен мектептің «Жедел анықтау» тобының жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Касенова сынып жетекшілері, мектеп психологы мен ЮПТ инспекторы Р. Аязбекпен бірлесе отырып, отбасыларына рейдтер жүргізіледі, ата-аналармен әңгіме-кеңестер өткізіледі. Әр оқушының сабаққа қатысуы, тәртібі қадағаланып, бақылау жүргізіледі. Барлығы мектепішілік спорттық үйірмелерге тартылған. Есепке алынған балалардың тәртібі мектептің құқық кеңесінде қаралып, сынып жетекшілер оқу тәрбиесіне мінездеме жасап, олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізіліп, баласына дұрыс тәрбие беру жолдары ұсынылады. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен тығыз байланыстамыз кездесулер, жылына бір рет құқық айлығы, баяндама, отбасыларымен бірнеше рет барып, акт жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, АІІБ- не, прокуратура, сот қызметкерлері мен ғимараттарында Ашық есік күні мен ата-аналар жиналысы тіпті, ( ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектепте қыздардың ата-аналарына арнайы жиналыстар)өткізілді. Оқушының тәрбиесін жақсарту мақсатында бірден бір қажетті шара отбасын және жеке оқушыларды зерттей отырып, оларды оқып білу, педагогикалық көмек көрсетілді. Сынып оқушыларының саналы қалыптасуына, тәрбиесінде алаңдатушылық тудыратын балаларды ерте танып, білу дереу дабыл қағу, шара қолдану, ортасына әсерін анықтау және олармен тиімді әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, алдын алу қажет. Осындай шараларға нәтижелі іс-әрекетке негізгі көмектесуші жұмыс бағыттары ол психологиялық қызмет пен сынып жетекшісінің ата-ана мен пән мұғалімдерінің ынтымақмастығы екені осының дәлелі. Оқушылардың қоғамдық орындардағы, жолдардағы ( жолда жүру ережесі) жүріс-тұрыстың, таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелерін т/б үйрету сабақтарын АІІБ-нің ЮПТ инспекторлары А. Жексембаева мен Р. Аязбек өткізді. «Отбасындағы зорлық-зомбылық, балаларға қалай қалай көмектесуге болады?» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектепішілік сыныптарда ұстаздар оқушыларға, ата-аналар балаларына, оқушылар арасында бір-біріне қатыгездікпен қарауға, балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша ата-аналардың құзыреттілігін арттыру мақсатында баяндамалар, әңгіме, іскерлік ойындар, тренингтер жүргізілді.

Аудандық ІІБ-нің Ювеналды полиция инспекторларымен бірлескен жұмыстар қатарына кездесу, рейд жүргізу, жиналыстар ұйымдастыру тығыз байланыста болу әдетке айналған. (қыздар мен ұлдар түнгі рейд сағат 9,10, 11 де жүреді.) Е бопты аман болса, өзім жіберіп едім, немесе баласының кемшілігі құлағына тиген әке ұл-қызын бірден балағаттап, жазалай бастайды. Арқасүйер, асқар тауға балайтын әкеміздің бар тәрбиесі жазалауда емес , түсіністікте екенін біле бермейтінін қызық. Білем, барлық әке бірдей емес. Өкінішке орай, қазіргі кезде әкелер өздерін тек табыс табушымын, деп қана түсінеді. Ұл балаға әкенің жылуы, ақылы, қамқорлығы керек. Баланы бас салып, жазалауға асықпай, онымен достық қарым-қатынас орнатып, сүйіспеншілігімізді білдірсек, отбасы жылуына бөленген бала ешқашан жамандыққа бармайды.

«Тәртіптің тамаша мектебі- отбасы» Құқықты, Заң мен тәртіпті құрметтеудің қайнар көзі отбасында екенін түсіндіру мақсатында өткен жиналыстың ата-аналарға берері мол. Ал біз ауқымды көлемде іс-шаралар өткізе отырып, оқушылар бойында әділетті, жауапкершілікті, адалдықты, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру тек мектептің міндеті екен деп қарамаңыздар. Сөз соңында айтарым, бала тәрбиесіне зор көңіл бөлініп, мектеп ұжымымен тығыз байланыста болып, болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп жоғарыдағы аталған құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алудың бірден бір кепілі болып табылады. Сондықтан бала тәрбиесіне баса назар аударайық, кеш қалып, бармақ тістеп жүрмейік!

Мира Касенова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here