«Таза қол» акциясы

0
96

2018 жылдың маусым айында аудан көлемінде, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен «Таза қол» атты бірнеше акциялар  өткізілді.Сол акциялардың бірі 320 бүлдіршіні бар «Ай-Сана бөбекжай балабақшасында» ұйымдастырылды. Шараға ҚДСБ бас мамандары Ғабит Болатов пен Нұрсұлтан Амербеков және балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері қатысты. Акцияның мақсаты- балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Тазалық құралдары туралы айта білуге, оларды пайдалана білуге үйрету.

Адам баласының денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Тазалық дегеніміз қол, денесін, киімін таза ұстау, уақтылы жуынып жүру. Мысалы, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуып отыру керек. Адам ұйқыдан тұрғанда қолын, бетін, құлағының ішін жуады, тісін тазалайды. Ұйқыға жатар алдында осыларды орындау керек. Оған кішкентай кезінен бала дағдылануы керек екендігі жайлы айтылды.                                                     Акция барысында балаларға қол жуу дағдыларын, жуыну кезіндегі ретті сақтау және күнделікті қол жуу қағидасы үйретіліп жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.

Е.Ешкенов, Кербұлақ аудандық ҚДСБ

басшысы, Ғ.Болатов  ҚДСБ бас маманы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here