Астан уланудың алдын алу

0
87

Ас адам тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Тамақтану режімінің бұзылуы, жеке бас гигиенасын сақтамау адамның асқазан-ішек жолдарының қалыпты қызметін бұзады және адам әр түрлі жұқпалы ауруларға шалдығып, сондай-ақ тамақтан улануы мүмкін.

Сондықтан адам жеке бас гигиенасын сақтап, көрінген жерден жеміс-жидектерді, басқа да жейтін заттарды алмауы керек. Кейде сақтау мерзімі өтіп кеткен консервілерді, жылы жерде сақталған сүт, сүзбе, тұрып қалған жұмыртқаларды пайдаланған кезінде уланудың болуы мүмкін. Ішек жұқпалы ауруы — ішек аурулары дерт қоздыратын микробтар арқылы пайда болады. Бұл микробтар лас ыдыстарды қолданған кезде, көкөністер мен жемістерді тазартып жумай жегенде, сонымен қатар кір қолдан да жұғады. Шыбындар да ішек ауруларын таратушылар болып табылады. Ал егер асқазан-ішек жолдарының қалыпты қызметі бұзылған кезде, дереу дәрігерге көріну қажет. Тамақ арқылы мына микробтар адам организміне түседі. Ол сальмонеллалар, қаздың және үйректің жұмыртқаларында кездеседі. Сонымен қатар ет өнімдерінде, пісірілмеген сүттен жасалған тағамдарды, сапасыз салаттарды пайдаланған кезде адамның сальмонеллез ауруына шалдығуы мүмкін. Ол үшін санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, әсіресе аспаздық өнімдерді қажетті нормада ыстық өңдеуден міндетті түрде өткізген жөн. Стафилакоктармен уланудан сақтану үшін сүтті қайнату, жұмыртқаның сапасын мұқият тексеру керек. Сондай-ақ еріген балмұздақты қайтадан қатырып пайдаланбаған жөн. Тұрып қалған балықтарда және дұрыс стерилизацияланбаған консервілерде ботулизм микробтары тез көбейеді. Ол микроб адамның жүйке жүйесіне  зақым келтіреді,  тіпті өлімге жетелеуі мүмкін.

Е.Ешкенов, Кербұлақ аудандық ҚДСБ басшысы,

Р.Солтанбекова ҚДСБ бас маманы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here