Ақ жол, саған, жас түлек!

0
101

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында  Алматы облысының мектеп пен колледждерінің білім, ғылым, өнер, спорт салаларындағы  үздік түлектерді  марапаттау рәсімі  ұйымдастырылды.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, облыс намысын әртүрлі деңгейдегі сайыстарда  сәтті қорғап, жүлделі орындарды  иеленген жеңімпаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, жайылған қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті.  Әдетте, мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісі тапсырылатын салтанат  осы жолы колледж, кәсіптік білім алушы түлектер үшін де есте қаларлық сәт болды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары  Жақсылық Омар  түлектерге сәттілік тіледі.

« -Қымбатты жас түлектер, ұстаздар, ата-аналар бүгінгі салтанатқа қош келдіңіздер.  Елбасы  Н.Назарбаевтың «Ұлт болашағы -білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай.  Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті.  Бүгінгі күн – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты сәт. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулерің қажет.
Зерделі бала, талантты, өнерпаз, спортшы жастарымыз алдарыңызда тұр. Оларға сәтті қадам тілеймін. Алдағы білім сыны Ұлттық бірыңғай  тестілеуді ойдағыдай тапсырыңыздар. Себебі,  сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздар, аялап-өсірген ата-аналардың үкілеген үмітісіздер. Алдағы алар асуларыңыз биік, мұраттарыңыз асыл болсын! Сапарларыңыз сәтті болсын! – дей келе, Жақсылық Мұқашұлы  түлектерді марапаттау рәсіміне көшті.

 Облысымызда Елбасының тапсырмасына сәйкес мектеп оқушыларына сапалы білім, өнегелі тәрбие беру үшін барлық мүмкіндік жасалуда. Жаңа мектептер салынып, осы заманғы озық технологиялармен, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.  Үстіміздегі  оқу жылында Алматы облысында 17 мың түлек мектеп қабырғасынан  түлеп ұшты. 800 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісін иеленсе, 600-дей түлек  үздік аттестатты қолдарына алды.

 Оқушыларымыз республикалық, халықаралық сайыстарда,  ғылыми жобаларда жеңіс биігінен көрініп келеді. Биыл олар  203 медаль алып қайтты. Республикалық пән олимпиадасына қатысқан облыстың 70 білімді оқушысының 30-дан астамы жүлделі орындарды иеленді.

 Үздіктердің кеудесіне «Алтын белгі» тағылып, гүл шоқтары мен  бағалы сыйлық тарту етілді.

Салтанатта  білімді өрендер ғана емес, спорт, өнер, ғылымда биік белестерді бағындырған үздіктер марапатқа ие болды. Солардың қатарында 15 мекеме,  «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздары бар.  Үздік  оқушыларды даярлап жүрген  Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған  №20, М.Арын атындағы  №24 «Экономика және бизнес» мектеп- лицейі, кәсіби бағытта оқытып білімге баулитын  Политехникалық  және Медицниалық колледждері мен патриоттық клуб, волейболдан қыздар командасы мінберден көрінді. Салтанатты  шарада облыстың үздік оқушыларының атынан Талдықорған қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №20 мектеп лицейінің түлегі Байтас Әли сөз алып,  көрсетілген қолдауларға алғысын білдірді.
Жиналған жұртшылық эстрада  әншілері  Г. Оразымбетова, Серікбол Сайлаубек,  Олжас  Абай, «Алашұлы» тобының өнерін  көріп  тамашалады

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here