Талдықорғанда ХІ жазғы спартакиада басталды

0
158
фото Ж.Мұсабеков

Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілердің ХІ жазғы спартакиадасы басталды. Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында ұйымдастырылған шара мемлекеттік қызмет құрылымдарының 20 жылдығына арналған.

фото Ж.Мұсабек

Байрақты бәсекеге жиналған қауым алдында сөз алған  облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар дүбірлі додаға қатысушыларға жеңіс тіледі. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев жарыстың мән-маңызын түсіндірді. Жалпы бұл спартакиадаға Жетісудің әрбір аудан, қалаларындағы, басқармалар мен департаменттерден, күштік құрылымдардан 29 команда қатысуда. Олар шағын футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі және шахмат ойындарынан өзара сынға түсуде. Үш күн бойы жалғасатын жарыс шымылдығы 100-ден астам мемлекеттік қызметші қатысқан веложарыспен түрілді. Қазірге велотұлпар тізгінін ұстаушылар арасынан қара үзіп шыққан үздіктер анықталып, тиісті сый-сияпатқа ие болды. Қалған ойын түрлері бойынша жүлдегерлерге 15 маусым күні арнайы дипломдармен, медальдар табыс етілмек.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here