ТАҒЫ ДА МЕНИНГИТ ТУРАЛЫ

0
37

Сырқаттанушылықтың тіркелуі бойынша сұрақтардың жиілеуіне байланысты менингит тақырыбына тағы да ораламыз. Менингококты инфекция — түрлі клиникалық көріністермен сипатталатын жіті бактериалды инфекциялық ауру. Сырқаттанушылықтың бірнеше түрлері бар: менингококкты жұқпа – қоздырғышы тек Neisseria meningitidis бактериясы, серозды — әртүрлі вирустармен және іріңді менингит — бактериялармен шақырылады.

Инфекция көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы. Көбінесе қауіпті бактерия тасымалдаушылар, оларда организмдерінде микробтар бар, олар өздері ауырмай, айналасындағыларын жұқтырумен қауіпті. Менингококты жұқпа барлық жерде, бүкіл әлемде кездеседі. Менингитпен әр-түрлі жастағы адамдар ауырады. Көбінесе сырқаттану жас ерекшелігіне емес, адам ағзасына байланысты. Мысалы, шала туылған балаларға (олар өте әлсіз болғандықтан) менингит өте қауіпті. Сонымен қатар жиі ауыратын, орталық жүйке жүйесі зақымданғандар, басының немесе арқасының травмасы бар адамдар. Жалпы сырқаттануға әсер ететін факторлардың қатары көп. Жұқпаның берілу жолы – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз. Микроб сау адамның ағзасына науқас адам немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт бойы қарым – қатынаста болғанда, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді (жанында ұйықтағанда, бірге тамақтанғанда, оқығанда, тәрбиеленгенде). Сырқат жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында пайда болады. Сырқаттанған адам қоршаған адамдарға бірінші күннен бастап қауіпті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here