ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ НАСИХАТТАЛУДА

0
37

Талдықорған қаласының ардагерлер ұйымы Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын қала тұрғындары арасында насихаттауды жүзеге асырып келеді.

Үстіміздегі жылдың өзінде қала ардагерлері бірнеше ұйымдарда болып, ондағы еңбеккерлермен кездесіп, тұрғындар арасында түсіндерме жұмыстарын өткізді. Осындай жұмыстарға, бұқаралық шараларға кезінде басқару органдарында, білім беру, мәдениет мекемелерінде қызмет атқарған білікті ардагерлер жұмылдырып отыр және осындай жұмыстардың нәтижелері көрініп те жүр. Жуырда қалалық кітапханада осы аталмыш Жолдауды насихаттауға арналған жиын өтті. Бұл шарада қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Айтмұханбет Ерасылұлы «Президент Жолдауы – дамуымыздың тарихи жолы» атты баяндама жасады. Қосымша сөзге шыққан білім беру ісінің үздігі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Жақатаева Зәуреш, денсаулық сақтау ісінің үздігі, денсаулық сақтау комиссиясының төрағасы Қабықбаев Сағым, ІІМ-нің құрметті ардагері Молдабеков Болат аталмыш жолдаудың маңызына тоқталып, бұл біздің дамуымызға айқын бағыт беретін құжат екенін атап өтті. Шара жиналғандардың көңілінен шықты.

Әбдікерімов Шәкірт – еңбек ардагері, қала тұрғыны

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here