50 жас азаматтық борышын өтеуге аттанды

0
73
Фото А.Нұршанов

Алматы облысындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, жыл сайын елімізде наурыз айынан 30 маусымға дейін көктемгі әскерге шақыру мезгілі саналады. Осы уақыт ішінде жалпы Жетісу жерінен 1800-дей адамды  әскер қатарына шақыру жоспарланса, қазірге оның 1500-ге жуығы аттандырылған. Бүгінде олар ҚР ҰҚК  шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет басқармасында және Қазақстан қарулы күштерінің әскери бөлімдерінде міндет өтеуде.

фото А.Нұршанов

Маусым айының 12 күні Талдықорған қаласынан ІІМ Ұлттық әскерлері қатарына қабылданған тағы 50 жас аттанды. Олар Қарағанды қаласында орналасқан Ұлттық Ұланға қарасты 5451 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтемек. Қаланың орталақ саябағында өткен азаматтарды әскерге аттандыру шарасына қала әкімдігіндегі бірқатар бөлім басшылары, қарулы күштер саласының ардагерлері, Талдықорған гарнизонының әскери қызметкерлері және әскер қатарына жаңадан қабылданғандардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты.

фото А.Нұршанов

Жиналған қауым алдында сөз сөйлеп, сарбаздарға сәт сапар тілеген қала әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев: « Мұндағы басты мақсат – азаматтарды Отан алдындағы әскери борышын өтеуге шабыттандырып, қарулы күштердің  имиджін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеп, болашақта елін, жерін қорғайтын  атпал азамат болуға жол ашу» -деп атап айтты. Осыдан соң рухты ән әуені аясында жеке-жеке сөз алған әр саланың ардагерлері мен ата-аналар жас сарбаздарға ақ жол тілеп, алыс сапарға аттандырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here