СЕНІҢ БАСҚА ҚЫРЫҢ

0
30
????????????????????????????????????

«Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекция қызметкерлері республикалық Challenge «Сенің басқа қырың!» атты акциясын қолдау ретінде спорттық іс шара өткізді. Іс шараға құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, филиал басшылығы және әр түрлі бағыттағы қызметкерлер қатысты.

Қызметкерлер жаттығу құрылғыларында ашық жаттығулар жасап, гір тасын көтеру және кеудені жерден көтеру сияқты ауыр спорттық түрлерінен сынға түсті. Спорттық іс шара филиал Бас директоры Шерхан Раздықовтың басқаруымен барлық қызметкерлердің денені шынықтыру жаттығуынан басталды. Ол өзін өнегелі қырынан көрсете отырып қызметкерлерді спортпен шұғылдануға шақырды. «Сенің басқа қырың!» спорттық акциясының басты мақсаты — дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Елбасы бұл бастаманы қолдады. Қазақстан бойынша акция аясында атақты спортшылар, мәдениет қайраткерлері ашық жаттығулар өткізуде. Олар өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы барлық қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырады. Біздің филиал да бұл акцияны қолдайды», — деп атап өтті Шерхан Раздықов. Сондай-ақ, ол барлық қызметкерлерге белсенді ат салысқандары үшін рахмет айтып және де барлық бастамаларда сәттілік тіледі. Филиал қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысының барлық спорттық шараларына белсенді қатысатындығын және де барлық спорт түрлерінен филиалда жүйелі түрде көптеген жарыстар өткізілетіндігін, осылайша салауатты өмір салтын қолдайтындығын атап өту қажет.

Қоғаммен байланыс қызметі«Қазақтелеком» АҚ

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here