Қоғамдық бақылау — қызмет сапасын арттыруға кепіл

0
267
фото Сымбат Исрапулова

Бүгінде Алматы облысында арнайы қоғамдық бақылау тобы тұрақты жұмыс жасап келеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруды қадағалауға бағытталған бұл құрам ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен жасақталған.

дереккөз

Осыған байланысты, Талдықорған қаласында  өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Алматы облысындағы қоғамдық бақылау жағдайы» тақырыбында арнайы баспасөз-мәслихаты өтті. Онда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды бағалау және сыртқы талдау бағытында арнайы мониторинг тобының жұмысы сараланды. Жиналған қауым алдында сөз алған аймақтағы департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев: «Арнайы мониторинг тобының құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру саласының, Азаматтық Альянстың, «Атамекен» ҰҚП-ның, сондай-ақ,  БАҚ өкілдері мен Департаменттің және Алматы облысы әкімі аппаратының қызметкерлері кіреді.Сонымен бірге аймақта «Азаматтық бақылау» жобасы жүйелі жүзеге асырылуда. Қазір атқарылған жұмыстар көңіл қуантарлық. Атап айтсақ,  осыған дейін арнайы мониторинг тобының мүшелері қоғамдық бақылау аясында Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарындағы және Талдықорған қаласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау жүргізді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, оны жою үшін жауапты тұлғаларға нақты ұсынымдар берілді. Бұл игі іс бұдан былайда өз жалғасын табатын болады» — деді.

Сөз кезегінде арнайы бақылау тобының мүшесі Дания Қыдырбаева: «Бүгінде денсаулық сақтау саласы мен мектептерде оқушылардың бітіру кешін сылтауратып, ата-аналар комитеті арқылы ақша жинап, мұғалімдерге сый-сияпат ұсыну әрекеті тиылмай келеді. Біз оның алдын алып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында тиісті   шаралар қабылдайтын боламыз» -деп, атап айтты. Осыдан соң қатысушылар БАҚ өкілдері қойған әрбір сауалға жауап берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here