Балғын футболшыларға — былғары доп

0
60

«Спортты  серік ет!» ұранымен Талдықорған қаласының әкімдігі  балалардың жазғы демалысын тиімді өткізіп, спортқа баулу мақсатында игілікті шараларға бастамашы болуда. Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев, орынбасары Мәрлен Көлбаев және  бөлім басшылары  жас спортшыларға 500 футбол  добын таратты.

Екіге бөлінген  топ қаланың орталығынан бастап,  «Жетісу,» «Ғарышкер» «Мүшелтой» «Жастар», «Шығыс» және  жаңа 6-7  шағын аудандар мен саяжайларда, сондай-ақ,  Еркін, Өтенай ауылдық округтерінің  жаңа тұрғын үй аумағында болып, футболды серік еткен балалармен кездесіп, доп тарту етті.

Талдықорған қаласы спорт  және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Әділет Рымтаевтың айтуынша, жуырда   3-4 , 5-6  және 7-8 сынып оқушыларының командалары және балалар аула клубтары арасында футболдан «Былғары доп — 2018» жазғы қалалық чемпионаты басталады. Команда құрамы 15  баладан тұрады. Сондықтан да бұл бастама балалардың өзара аула командаларын құрып, спортпен айналысуына және  айтулы  жарыстарға белсене қатысуына мол мүмкіндік береді.

Әр аумақта доп қуалап жүрген балалардың қуанышында шек болмады. Ата-аналар да алғыстарын жаудырды. Балалардың жазғы демалыста  футбол ойнап, спортпен шұғылданғанын құп  көретіндіктерін айтып жатты.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here