Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту

0
117
Фото Сымбат Исрапулова

Талдықорғанда электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту мәселелері бойынша арнайы дөңгелек үстел өтті.  Қаладағы «Рухани жаңғыру» орталығында өткен басқосуды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған.

фото Сымбат Исрапулова

Басқосуға аймақтағы жергілікті атқарушы органдардың, «Ұлттық ақпараттық жүйелер» және Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты.  Жиналған қауым алдында сөз алған аймақтағы департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Жеңіс Андабеков: «Жиынның басты мақсаты – Елбасы атап көрсеткен электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту және оны насихаттау бойынша өңірдегі әрбір аудан, қалада атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, жан-жақты  талқылау. Сонымен бірге  мемлекеттік қызмет көрсету бағытында қолданылатын ақпараттық жүйелерге қатысты туындаған сұрақтарға жауап беру» – деді.  Осыдан соң, бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету орнындағы жауапты мамандардың баяндамалары тыңдалып, қойылған сауалдарға жауап берілді. Қорытып айтқанда, дөңгелек үстел басында  электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуда кедергі болып тұрған  мәселелер анықталып, оларды шешуге бағытталған іс-шаралар тізімі бекітілді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here