Талдықорғандық жалғызбасты ана баспаналы болды

0
850
Фото авторы А.Нұршанов

«Айналайын» балалар үйінің түлегі, жалғызбасты ана Гүлім Нұркебай бүгін баспаналы болды. Бір бөлмелі пәтердің кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан орынбасары Жақсылық Омар табыстады.

Фото авторы А.Нұршанов

«Гүлім Нұркебай осы қыста облыстық «Жетісу» телеарнасындағы «Болмыс» бағдарламасына түсіп, өзінің жағдайын айтқан болатын. Сол хабарды көрген облыс әкімі қала тұрғынын өзіне шақырып, қолдау көрсететінін айтып, уәде берді. Бүгін сол уәдені орындап тұрмыз. Енді балапаныңмен өз баспанаңда бақытты ғұмыр кеш» деп Жақсылық Омар тілегін білдірді.

Фото авторы А.Нұршанов

«Амандық Ғаббасұлына әкелік қамқорлығы үшін үлкен алғыс айтамын. Балалар үйінен түлеп ұшқан соң, өз бетімше жұмыс істеп, жан бақтым. Өзіме тең болар жігітпен көңіл қосып, болашақты армандадым. Бірақ, жеме-жемге келгенде ол жігіт менен бас тартып, өзім пәтер жалдап, туысқандардың босағасында жүрдім. Босанған соң тіпті жағдайым болмай кетті. Сол кезде қаладағы «Аналар үйіне» келіп жағдайымды айттым. Ондағылар мені түсініп, қамқорлықтарына алды. Сонда жүріп эфирге шықтым. Сіздерге, журналистерге үлкен рахмет. Енді мен қызым Әнелге өзімде болмаған бақытты балалық сыйлаймын. Бүгінгі қуанышты сәтіміз ораза айына, оның ішінде жұма күніне келіп отыр. Баршаңызға Алланың нұры жаусын!» деп ақ тілегін Гүлім де ақтарды.

Гүлім Нұркебай 1994 жылы туған. Кішкентайы Әнел 6 айдан асты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here