Шомылу маусымындағы азаматтардың қауіпсіздігі

0
62
Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Суға шомылу маусымы кезеңіндегі азаматтардың қауіпсіздігі” атты баспасөз жиыны өтті.

Мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы облыс аумағының су қоймаларында 142 судағы төтенше жағдай тіркелген, зардап шеккен азаматтар саны 218-ді құрайды. Ал, суға батып кеткендер — 62, оның 17-сі бала. Құтқарушылар 156 адамды тілсіз жаудың ажалынан  арашалап қалған. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Берік Найзабеков: “Биылғы жылдың шомылу маусымына дайындық кезінде Департамент пен оның ведомствалық бөлімшелерімен облыстың су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Арнайы жұмыс жоспары бекітілді. Шомылу маусымы кезеңінде су қоймаларында судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша “Скутер” акциясын өткізу жоспарлануда. Су маңында жақын орналасқан елдімекендерге, демалыс аймақтарының қожайындарына судағы қауіпсіздік талаптары жөнінде арнайы хат жіберілді. Облыстың аса қауіпті саналатын су аймақтарында қосымша жылжымалы құтқару постары қойылды. Оқушылар сарайында “Балалар мен жасөспірімдердің судағы жүріс-тұрысы, жол қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету туралы” семинар ұйымдастырылды.  Үлкендердің қарауынсыз балаларды өздігімен шомылу аймағына жіберу аса қауіпті екендігі белгілі.  Жасөспірімдер әрдайым ата-ананың назарында болуы шарт. Сондай-ақ, барлық азаматтарға суға түсуге тиым салынған аймақтарға мүлдем бармаған жөн екенін ескертеміз. Айта кетерлік жәйт, зардап шеккендердің басым көпшілігі өз күшіне сеніп, қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан қайғылы жағдайға тап болады”-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here