Министр менингитке қарсы шаралармен танысты

0
62
Дереккөз

Еңбекшіқазақ ауданындағы орталықаудандық ауруханаға менингит инфециясымен түскен ағайындылардың  жағдайы оңалып келеді.Бүгінгі күні балалардың жағдайы қалыпты, апта соңында ауруханадан үйлеріне шықпақ.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Алматы облысына арнайы келген сапары барысында  мәлім болды. Ол ауруханаларды аралап, науқастардың жай- күйін көріп, инфекцияға қарсы қолданылып жатқан іс- шаралармен танысты. Министр Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омармен бірге Еңбекшіқазақ, Талғар аудандық ауруханаларына барып,онда облыстық денсаулық сақтау саласының басшысы Бауыржан Ысқақменингококк инфекциясының жағдайы туралы айтып берді. «Менингококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын есепке ала отырып, 1-маусымнан бастап № 190-Х бұйрығына сәйкес Талғар мен Іле аудандық орталық аудандық ауруханаларында қосымша инфекциялық төсек орындары қарастырылған.Әр емханада 10 төсектік орын бар. Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің проректоры Б.Н.Косеровтың басшылығымен мамандар тобы (ересек және жұқпалы аурулар дәрігері, эпидемиолог )құрылған», — деді ол.

Менингитке күдігі бар науқастарға уақтылы көмек көрсету үшін Талдықорған және Қаскелеңқалалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қабылдау бөлімшелерінде қосымша дәрігерлік посттар ашылған. Жақсылық Омардың айтуынша, алдын алу шараларын жүргізуге еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының   психолог және зерттеуші жетекші мамандары тартылған.«Аймақтың барлық медициналықұйымдарында менингококктыңклиникасы, диагностикасы және емдеу үшін оқыту семинарлары өткізілді» -деді ол өз сөзінде. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердіңқажетті қоры ұсынылған », — деп атап өтті Жақсылық Омар.

Мекемелердің жұмысымен танысып, Елжан Біртанов Еңбекшіқазақ аудандық орталық аудандық ауруханасындағы жағдайлары түзеліп қалған  науқастарды аралады.Мұнда Камал мен Мұстафа Мамаевтар  жатқызылған. Балаларға менингококк инфекциясы деген  диагноз қойылған болатын.Екеуі де оңалу үстінде, ал көп кешікпей олар медициналық мекемеден шығарылады. Сонымен қатар, балалармен қарым-қатынаста болған адамдардың саны анықталып, олар медициналық бақылауға алынып, профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.

Қорытындылай келе, Елжан Біртанов Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының  жұмысына  қанағаттанғанын атап өтті. «Тәжірибелі қызметкерлер іріктелген, соның арқасында оң нәтиже бар. Қазір мұнда жақсы жағдай жасалған. Мен қызмет істеген 1994-1996 жылдары аурухананың жағдайы өте төмен болатын. Бізге ол кезде осындай жерде жұмыс істеу арман еді», — деді.Сонымен қатар, министр сондай-ақ, жедел жәрдем жұмысындағы кемшіліктерді атап өтті.«Неліктен, бізде төтенше жағдайдан өлетіндер саны көп? Басқа дамыған елдерден 10-15 есе көп өледі, себебі жеткізілу  жылдамдығы өте  төмен», — деді. «Халыққа қанша автокөлік бар? Еуропаға қарағанда бірнеше есе артық.Ал, жедел жәрдемді қажетсінетін қоңыраулар саны Еуропадан 10 есе артық. Ойлап тұрсақ,б із   күштер мен құралдарды кешіктіреміз. Ең алдымен өмір мен өлімнің алдында тұрған адамдар туралы ойлауымыз керек.Олар үшін бұл жедел жәрдем мекемесі халыққа қызмет ететін емес,  олардың шағымдарынанқорыққандықтан құрылған сияқты. Сол үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Адамдар жедел жәрдемнің жедел көмекті қажет ететін экстрендік жағдай үшін екенін  түсінуі керек. Мен жедел жәрдем стандартын қарадым, нұсқау бар.Бірақ, әлі күнге дейін енгізілмеді », — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Динара АУЖАНОВА.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here