«MEN QAZAQPYN» мега жобасының іріктеуі өтті

0
80
дереккөз

Жетісудың бас қаласы Талдықорғанда  «MEN QAZAQPYN» телевизиялық мега жобасының облыстық іріктеуі өтті.  Жалпы Алматы облысының әрбір аудан, қаласынан 70-тен астам үміткер қатысқан бақ сынаудың соңғы сынына 40-қа жуық өнерпаз келді. Олар күмбірлі күй тартып,  терме толғаулар мен дəстүрлі халық əнін тамылжыта шырқады.

фото Ж.Мұсабеков

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған тың жобаны ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдауымен «QAZAQSTAN» ұлттық арнасы ұйымдастырған. Мұндағы мақсат – атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерді жан-жақты дамытып, ұлтымыздың дәстүрлі ән-күй термелерін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, өрелі өнер иелерінің басын бір арнада тоғыстырып, заманауи үлгідегі сахнада киелі ән-күйлеріміздің абыройын асқақтатып, өскелең ұрпақ санасына жеткізу. Сонымен қазылар алқасының саралауында ақтық іріктеуде өнер көрсеткен 13 әнші, 16 күйші, 11 термеші арасынан суырылып шыққан 3 үздікке алдағы уақытта Елордасы Астанада өтетін жобаға арнайы жолдама табысталды. Атап айтсақ, дәстүрлі ән номинациясы бойынша  жолдамаға  Еңбекшіқазақ ауданынан келген Қайрат Бектұрсын ие болса, күй орындау бойынша талдықорғандық Таңат Саденов, ал, терме айтудан жамбылдық Есбол Шаңбаев жеңіп алды. Бұл жеңімпаздар енді Астана қаласында өтетін дүбірлі додада Жетісу жұртының намыс қорғайтын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here