Кәсіподақ ұйымы: күш бірлікте

0
64

Алматы облысының кәсіподақтар орталығы кәсіподақтар күніне орай салтанатты шара ұйымдастырып, осы салада елеулі еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Жұмысшының мүддесі мен құқығын заң жүзінде қорғайтын ұйым — кәсіподақтың төл  мерекесі  облыс орталығы Талдықорған қаласында аталып өтті.

Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы республикамыздағы ең саны көп ұйым болып табылады, өйткені оның құрамына 18 салалық кәсіпқой одақтар біріккен, жалпы саны 2 миллионнан астам мүшесі бар.

Ал  Алматы  облысында 14 салалық кәсіподақ ұйымы бар болса, оның 1118-і бастауыш ұйымға біріктірілген. 100 мыңнан астам адам мүшелікке өткен. Мерекелік шарада «Алматы облысының кәсіподақ орталығы»  аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов өңірдегі салалық бірлестіктердің нәтижелі жұмыс атқарып келе жатқандығына тоқталды.  ҚР Кәсіподақтар активтерді басқару дирекциясының бас директоры Қобыланды  Мусин: « Кәсіподақ ұйымы- бұл жұмыскерлердің жанашыры әрі олардың құқығын қорғайтын жалғыз ұйым. Қазіргі таңда кәсіподақ орталығы мен облыстық кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс жанданған»-деп атап өтіп, жиынға қатысушыларды мерекеге орай құттықтады.

Облыс әкімдігі аппараты басшысының орынбасары  Маржан Мұрат Алматы облысы әкімінің құттықтауын жеткізді. Ұйымның белсенді  мүшелеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ, тағы бірқатары  Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Салтанат соңы облыс көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here