Ғасыр-ғұмыр

0
115
фото Ж.Мұсабек

Биыл Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газетіне 100 жыл.  Халықтың көзі, құлағы, һәм тілі болған ата басылымдардың ғасыр тойы кеңінен аталып өтілуде. Осыған байланысты алдын-ала жарияланған «Ғасыр-ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті.

фото Ж.Мұсабек

Талдықорғандағы оқушылар сарайында өткен салтанатты шарада сөз алған «Жетісу» газетінің бас редакторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін: «Көпке мәлім кезінде Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ораз Жандосов, Мұхтар Әуезов сынды қазақтың біртуар дара тұлғаларының қолтаңбасы қалған «Жетісу» газеті биыл 100 жаста. Осы аралықта бұл басылым  саяси қуғын-сүргін, ашаршылық пен соғыс, жеңіс пен Тәуелсіздік дәуірінің бәрін бастан өткерді. Осындай қиын-қыстау кезеңдерде де газеттің атауы сан өзгергенімен ұстанған бағыты еш өзгерген емес. Түрлі жаңалықтарды дер кезінде жария етумен қатар ұлтымыздың сәлт-дәстүр, әдеп-ғұрпын кеңінен насихаттап келеді. Бүгінгі жыр мүшәйрасына қатысқан жазба ақындар соның бәрін арқау етіп, тебірене жырға қосты. Енді олардың үздіктері белгілі болады» -деді. Жалпы байқауға еліміздің әр аймағынан 150-ден астам үміткер қатысып, бақ сынаған. Қазылар алқасының баға беруімен олардың арасындағы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар анықталып, жеңімпаздарға облыс әкімдігі тағайындаған қаржылай сыйақы табысталды. Атап айтқанда, топ жарып көзге түскен «Жетісу» газетінің тілшісі, жас ақын Асыл Сұлтанғазы бас бәйгеге лайық деп танылып, 700 мың теңгеге ие болса, бірінші орынды қарымды қаламгер Әбубәкір Қайран еншілеп, 500 мың теңге сыйақыны қанжығалады. Ал, екінші орынды қапшағайлық ақын Мақпал Мыса, Тараз   қаласынан Хамит Есаман жеңіп алса,  үшінші орын жүлдесін Әли Ысқабай, Жангелді Немеребаев, Батық Мәжит өзара бөлісті. Сонымен бірге 7 ақын ынталандыру санатында 50 мың теңгеден марапат алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here