«АЛМАТЫТЕЛЕКОМ» ӨТД-ДА ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

0
28

«Алматытелеком» ӨТД-да Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты филиал қызметкерлері балаларына арналған жаздық спартакиада өтті. Алматы мен Талдықорған қаласында өткізілген спартакиадаға 500-ден аса филиал қызметкерлері қатысты.

Спартакиада аясында байланысшылар мини-футбол, баскетбол, гір тасынан спорт түрі, қол күресі, дойбы, жүгіру, ұзындыққа секіру және т.б. спорт түрлерінен жарысты. «Біз спортпен шұғылданатын қызметкерлерге әрдайым қолдау көрсетеміз және де салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауға ерекше көңіл бөлеміз. Филиалдағы спорттық шараларды одан да ары дамытпақпыз», — деп атап өтті құттықтау сөзінде «Алматытелеком» ӨТД Бас директоры Шерхан Раздықов. Ол қатысушыларға белсенділік танытқандарына рахмет айтып, жарыста сәттілік тіледі. Атап айтсақ, мини-футбол жарысына Іле аудандық желілік-техникалық цехының және желілерге техникалық қолдау көрсету орталығының қызметкерлерінің 7-ден 13 жас аралығындағы балалары да белсенді атсалысты. Ойын жасөспірімдер арасында тартысты өтіп, қорыта келгенде, достық жеңіске жетіп, екі команда да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мини-футбол жарысына үлкендер арасында Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 15-тен аса команда қатысты. Алматылық турнирдің жеңімпазы желілік техникалық қолдау көрсету орталығынан біріктірілген команда жергілікті желілерге қызмет көрсету орталығы командасын 1:0 есебімен жеңіп, жеңіске жетті. Үшінші орын энергетика және климатехника орталығы футбол командасына бұйырды. Талдықорған қаласында өткізілген жарыста жүлделі орындар келесідей орын алды: бірінші орын желілерге техникалық қолдау көрсету орталығының командасына, екінші орын құрылғыларға техникалық қолдау көрсету командасына, үшінші орын құрылғыларға техникалық қолдау көрсету РРЛ командаларына берілді.

Қол күресі жарысында Ерлан Бөпешбаев жеңімпаз атанды, екінші орынға Дәурен Қабылұлы, ал үшінші орынға Біржан Тынышбеков сияқты Балқаш желілік-техникалық цехы қызметкерлері аяқ тіреді. Ал, Талдықорған қаласында өткізілген жарыста бірінші орынды жергілікті желілерге қызмет көрсету орталығының қызметкері Ілияс Тілемісов, екінші орында Талдықорған қаласының жетекші инженері Расул Қайратбеков және үшінші орында жергілікті желілерге қызмет көрсету орталығының электромонтері Самат Нукебаев алды.

Әйелдер арасында ауырлық көтеру жарысында үздік нәтижемен белсенді сату орталығының қызметкері Эсмира Қантай, екінші орынды сатуды қолдау орталығының қызметкері Бахыт Қалиолданова және үшінші орынды – Панфилов ЖТЦ операторы Аминам Ашироваға бұйырды.

Алматытелекомдықтар дойбы жарысындада бақ сынасты. Жарысқа ерлер мен қатар әйелдер де қатысты. Нәтижесінде, орындар келесі кезек бойынша орналастырылды: ерлер арасында бірінші орынды Көлік орталығының жүргізушісі Серик Серикбаев алса, екінші орынды Еңбекшіқазақ ЖТЦ инженері Семсерхан Хауан және Іле ЖТЦ қызметкері Берік Құдайбергенов өзара бөлісіп алса, үшінші орынға көлік орталығының жүргізушісі Манголхан Хауан және «Шығыс» желілік абоненттік цехының кәбілші-дәнекерлеушісі Манарбек Дармурзин орналасты. Әйелдер арасында бірінші орынды өндірістік-техникалық зертхана орталығының жетекші инженері Гүльнара Ақбарова, екінші орынды телекоммуникация желілерін дамыту орталығының қызметкері Назира Торпақова, үшінші орынды кросстық коммутация орталығының аға электрмеханигі Парида Стычинская және өңірлік сату орталығының маманы Арайлым Көшербай өзара бөлісіп алды.

Спартакиада соңында, «Байланыс» жергілікті кәсіподақ комитетінің қолдауымен Дирекция қызметкерлері балаларына арналған аниматорлардың қатысумен түрлі ойын-сауық ойындары өткізілді.

Қоғаммен байланыс қызметі «Қазақтелеком» АҚ

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here