Тісіңді жұлдырып, тіліңді қысқартып келші

0
54
дереккөз

Қызылордалық айтыскер Мұхтар Ниязов та нағыз жатыпатардың өзі ғой. «Үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, жаңадан шаңырақ көтерген, басқа тартсаң аяққа жетпейтін қаржының тапшы кезі екен.

Ақшадан әбден тарығып отырғанда әйелінің тісі қақсап, жанын қоярға жер таппай, «ақша тап, тісімді жұлдырайын» деп жұбайына мұң шағыпты. «Ақша жоқ, қайдан табамын?» десе, тісі қақсаған әйелі, жанын шүберекке түйіп: «тап та, тап» деп, ойбайға басыпты. Әйелінің қабағына қарап зыта жөнелген Мұхтар бір танысынан қарызға ақша алып келіп, «Мә, мынаған тісіңді жұлдырып, тіліңді де қысқартып келші өзі» – деген екен.

                                                                                Айтақын БҰЛҒАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here