Талдықорғанда жас жігіт менингиттен көз жұмды

0
121
дереккөз

Талдықорғанда тағы бір адам менингококк инфекциясынан көз жұмды.Бұл ақпаратты облыс әкімінің баспасөз хатшысы растады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Иә, 17 жастағы студенттің менингококк инфекциясынан қайтыс болғанын растаймыз. Науқастың ауруы жедел түрде өткен. Жас жігіт ауруханаға жеткізілгенде жағдайы өте ауыр болған. Студенттің нақты қай оқу орнында оқығаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ». Науқастың  4 маусым күні  сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада қайтыс болғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда 2 жасар қыз бала менингит дертін жұқтырып, қаладағы инфекциялық ауруханада көз жұмған болатын. Ал жалпы облыс бойынша аталған дерттен 4-ші адам көз жұмды.

Ал   Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  басшысы  Е.Сыдыманов   өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте менингиттен болған соңғы өлімге қатысты толық мәлімет берді. «Медицина колледжінің  студенті ауруханаға 2 маусым күні менингококкемия диагнозымен түскен. Ол, 4 маусымда  қайтыс болды. Бұл жағдайға қатысты зерттеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес, бұл әлі расталмаған оқиға. Біз қазір қолданып отырған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зертханалық сынақтары аяқталғаннан кейін бұл расталған оқиға болады. Әзірше, бұл менингококк инфекциясымен байланысты жағдай. Өкінішке орай науқас көз жұмды. Зертханалық зерттеу екі күннен кейін аяқталады. Сол кезде бұның менингит немесе басқа ауру екендігін нақты айта аламыз-деді ол.

Науқастың  оқу орны, тұрғылықты жері, соның ішінде ата-анасының тұрғылықты жері бойынша барлық байланыстар есепке алынды. Оларға 10 күн ішінде медициналық бақылау жүргізіледі, қазір тиісті антибиотикпен алдын алу процедуралары жүргізілуде.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here