Менингиттен Талдықорғанда 17 жасар студент қайтыс болды

0
85
Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде менингокок инфекциясының  алдын алу мәселелері бойынша брифинг өтті.  Кезекті баспасөз брифингінде Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сыдыманов  Ерғали  Жақсыбекұлы мен Облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейтұлы  бүгінгі халықты дүрліктіріп тұрған инфекция жайында айтып берді.

« -Кеше Талдықорған қаласында  медицина колледжінде оқитын 17 жасар студент менингокок инфекциясынан көз жұмды.  Ол  2 маусым күні ауырған, 3 маусым күні  дәрігерлерге жүгінген. Сол күні ауыр халде емханаға жатқызылады. Ал, 4 маусым күні, яғни, кеше  науқас қайтыс болды.  Клиникалық диагнозы – менингокок инфекциясы. Зертханалық  талдаулары әлі анықталу үстінде. 10 күннен кейін белгілі болады. Жалпы айтар болсақ, ресми түрде Алматы облысында  6 жағдай тіркелген.  1-ші жағдай Іле ауданында орын алды. Алтынорда базарында жүк таситын жігіт қайтыс болды. 2- ші жағдай Қарасай ауданында тіркелді. Ол науқас аман- есен емделіп шықты. 3-ші жағдай-Талдықорған қаласында 3 жасар сәби қайтыс болды. Еңбекшіқазақ ауданында 2 науқас осы инфекциямен ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Алайда, зертханалық талдаулары анықталған жоқ. Жалпы алатын болсақ, бүгінгі күні Талдықорған қаласының емханасында 3 науқас жатыр. Олардың 2 –і облыстық инфекциалық ауруханада, жағдайлары орташа, 1-і Талдықорған қалалық көпсалалалы емханасының жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Дәрігерлер қолдан келер барлық көмекті жасауда» деді Ерғали Жақсыбекұлы.

Динара Аужанова.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here