ПСЖ Роналдуға 45 миллион еуро ұсынып отыр

0
74
Дереккөз

Француздық «Пари Сен-Жермен» «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдуға жылдық табысы 45 миллион еуро болатын келісімшарт ұсынуға дайын, ал мадридтік клубқа  португалиялық футболшының трансфері үшін 150 миллион еуро бермекші, — деп хабарлайды vesti.kz порталына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Басылым мәліметінше, Роналду ПСЖ-мен келісімшарт жасасатын болса, онда оның табысы «Барселонадағы» Лионель Мессидікімен теңеседі екен. Осыған дейін Роналду «Реалдан» кететіні жайлы айтып қалған еді. «Корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес португалиялық футболшымен келісімшарт 2021 жылға дейін толтырылғанын айтады.

ПСЖ Роналдумен келісімшарт жасасу үшін командадағы сұрмерген Эдисон Каванимен, Гонсало Гедешпен және жартылайқорғаушы Анхель Ди Мариямен қоштасуға дайын екенін жеткізді.

Роналду «Реал» сапына 2009 жылы «Манчестер Юнайтедтен» ауысып келген. «Корольдік клубтың» сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here