«Asyq Champ» чемпионаты өтті

0
135

Бүгін Талдықорған қаласында асық атудан тұңғыш рет Алматы облысының Чемпионаты өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Аталмыш турнир ең алдымен аудан мен қала көлемінде өткізілген болатын. Ал, бұл жолғы сайыста әр өңірден іріктелініп келген 19 бала өзара шеберлік байқасты. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өтіп отырған шараның негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық асық ату ойынын дамыта отырып, салауатты өмір салтын дәріптеу.

Жарыс қатысушылары аса танымал «Шеңбер» ойыны бойынша үздіктерін анықтады. Сақаларын сайлап келген ойыншылар барын салып, мейлінше жақсы ойнауға тырысып бақты. Нәтижесінде асығы алшысынан түскен сұр мергендер жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бұл бәсекеде талдықорғандық Арнұр Бақытовтың мерейі үстем болды. Ол бас жүлдеге тігілген велосипедті ұтып алды. Жеңіске жеткен өзге де қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here