Мохаммед салах – қайырымды футболшы

0
83
Дереккөз

Футбол сүйер қауымға бұл спортшының есімі жақсы таныс. Таяуда, Мохамед Салах Англия чемпионатының 2017-2018 жылғы нәтижесі бойынша үздік ойыншы атанғаны белгілі. Kazislam.kz

2017 жылдың нәтижесі бойынша араб елдерінің спорт журналистері жасаған ең үздік араб футболшыларының тізімінде «Ливерпуль» мен Мысыр құрама командасының шабуылшысы Мохаммед Салах көш бастап тұр. Сондай-ақ, ол Африканың да 2017 жылғы үздік футболшысы атанды.

25 жастағы жігіттің атақ-даңқы мұнымен шектеліп тұрған жоқ. Оның қарапайым халыққа жасаған ізгілігі де халық арасында даңқын асқақтатып тұр. Ол футболда қақпа көздеп жүргенде, кәнігі ұрының бірі оның пәтерін көздеп жүріпті. Үйін үптеп кеткен ұрының үстінен оның әкесі сотқа шағым түсірген. Алайда, Мохаммед әкесіне айтып, сотқа түсірген шағымды қайтадан кері алдырады. Ал үйіне түскен ұрыға қолұшын беріп, қаржылай көмек­тесіп, жұмыс табуына көмектеседі.

Бұл ғана емес… оның өзгелерге ой салатын басқа да істері көп болып тұр. Мысыр құрамасын Әлем чемпионатына шығарған Салахқа Египеттің беделді бизнесмені хабарласып, оның отбасына ғажайып вилла сыйлайтынын айтқан. Мохаммед одан бірден бас тартып, егер жақсылық жасағысы келсе, туған жері Нагрикті дамытуға үлес қосуды өтінеді. Футболшы ол жерде мектеп салып, жан-жақты жабдықталған, төбесі жабық спорт залдарын ашып жатыр. Қомақты қаржысын емханаларға дәрі-дәрмек алуға, жедел жәрдем көліктерін сатып алуға бөлген.

Сонымен бірге, жаңа үйленіп жатқан жас жұбайлардың некеге тұруына көмектесіп, үйлену тойларын өткізуді мойнына алып келеді. Сондай-ақ, ол 2017 жылдың соңында экономикасы құлдыраған өз елінің аяғынан тік тұруына қолұшын беріп, шет ел валютасымен қомақты қаржы аударады. Мүгедек болып қалған футболшыларды үнемі демеп отыратын Мұхаммед Салахтың осындай адамгершілік қырларын Рамазан айында насихаттауды жөн көрдік.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here