Меккенің қағбасындай көңілімді….

0
108
фото дереккөз

Айтыста домалақ атымен танылған тараздық Алтынгүл Қасымбекова, 35-ке келгенде тұрмыс құрыпты. Мұндайды айтыстағы қарсыластары құр жіберсін бе? Айтыс сайын ақын қыздың жалғыздығын бетіне басып, «Жалғыздық бір Құдайға ғана жарасады, оң жақта отырып қалдың, қашан күйеуге тиесің?» деп, тілмен түйрей беріпті.

Бір күнде үш айналымға шығып, ақтық финалда тап болған әріптесі де отыздың ортасына келген Алтынгүлге «осал жері осы ғой» деп, ол да: «кәрі қызсың» депті. Мұндай сөздерен әбден мезі болған Алтынгүл:
«Біле білсең менің де қыз атым бар,
Қолдан келсе, үкілеп ұзатыңдар.
Меккенің Қағбасындай көңілімді,
Мектептің тақтасындай сызасыңдар» – дегенде, ақын қыздың тапқырығына тәнті болған бір меценат бәйге үлестіріп жатқанда, «басқа бәйгеде шаруам жоқ, Алтынгүлдің осы бір шумақ өлеңіне бір ат мінгіземін» – деген екен.

                                                                         Айтақын БҰЛҒАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here