Бұрынғы шенеунік сот арқылы өндірген қаржысын мұқтаж жанға берді

0
196

Талдықорған қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Тұтубаев сот арқылы өндіріп алған 300 мың теңге қаржысын 3 жасар баланың емі үшін аударды.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың жазында Талдықорған қаласы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Алмасбек Садырбаев пен қала әкімінің сол кездегі міндетін атқарушы Асқар Тұтубаев арасында кикілжің болып, іс сотпен аяқталған еді. Сот кәсіпкер А.Садырбаевты кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айырып, арыз беруші тарапқа 300 мың теңге моральдық шығын төлеуді міндеттеген.

«Мен қызметтен кетіп бара жатқанда әкімдіктегі әріптестеріме өндірілген қаржыны әкімдіктен көмек сұрап келгендерге беремін деп айтқан едім. Сол уәдемде тұрдым. Таяуда ғана 3 жасар Қойшыбай Мәһдіаят есімді балаға көмек қажет деген хабар түсті.

Соттан ұтқан 300 мың теңгені әкімдік жіберген есепшотқа аудардым. Әкімдіктегілер шотты ерте бергенде, ерте аударар едім. Дегенмен, бұл істің ораза айына дөп келуі тегін емес шығар» дейді Асқар Тұтубаев.  Айтуынша, егер сот өзі талап еткендей, 10 млн теңгені өндіріп бергенде, сол қаржыны толықтай аудармақ екен. Асқар Тұтубаев бүгінде елімізге танымал ірі құрылыс компанияларының бірінде басшылық қызмет атқарады.

Айте кетелік, 1 жылға бас бостандығынан айырылған Алмасбек Садырбаевтың аппеляциялық шағымын жоғары тұрған сот қанағаттандырып, жазасын жеңілдетіп, шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here