Қош бол, алтын ұя, мектебім!

0
142

Талдықорған қаласындағы физика- математикалық бағыттағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты соңғы қоңырау  салтанаты өтті.  Салтанатты шара барысында  Талдықорған қаласының әкімі  Дастан Шалтабаев, мектептің алғашқы қамқоршылық кеңесінің мүшесі- Ермек Алпысов және мектеп директоры Сәуле Умербекова  оқушылар мен  ата-аналарға және мектептің педагогикалық ұжымға деген ыстық ықыластарын білдірді.

Зияткерлік мектепте 800-ден аса оқушы білім алып жатыр. Ал үстіміздегі оқу жылында 73 түлек бітіріп шықты.

Оқу жылы бойына ынталандыру комитеті мектеп өміріне жоғары белсенділікпен атсалысқан, игі бастамаларда шабыттандыра білген оқушыларды әр тоқсан сайын бірнеше номинациялы дипломдармен марапаттаған болатын. Сондықтан да, оқушылар, үздік сынып пен «Шаңырақ» бірлестігі  марапатқа ие болды.  «Жылдың үздік оқушысы» номинациясымен– оқу жылы бойы википедия онлайн-контентіне мақала енгізуде ең белсенді авторы 10А  сынып оқушысы  — Дильназ  Серікова,  Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік ғылыми жобалар байқауында  1 орынды иеленген, INFOMATRIX-ASIA 2018Халықаралық компьютерлік жобалар конкурсында алтын медаль иегері  атанған  12 «В» сынып оқушысы Абдимажит Асмир, жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдердің республикалық  олимпиадасында  алтын медаль иегері, Сингапурда өткен  IMSO халықаралық олимпиаданың қола  медаль иегері атанған – 7 «D» сынып оқушысы Омар Махмұт, «Жібек жолы» 16-шы математикалық олимпиадасында үшінші дәрежелі дипломның иегері,  Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадада математикадан қола медаль иегері          11 «D» сынып оқушысы Арман Болатов  және де басқалар марапатталды.

 Білім мен қоғамдық жұмыста елеулі жетістіктерімен көш бастай білген 10 «В» сынып оқушылары- «Жылдың үздік сыныбы» номинациясын иеленеді.  Оқушылар қауымдастықтары  ішінде  орта және жоғары мектептің арасында ең үздік деп танылған, «Жылдың үздік шаңырағы» номинациясына  9А, 11А сыныптарының «Астана» шаңырағы ие болды. Үздік шаңыраққа  дәстүрлі кубок және  «Байжикенова Гуляим Қабидолдақызы атындағы шәкіртақы» табысталды.

 Ал жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектерге айтылар ақ бата, тілек легі көп болды.Ата-аналар атынан Қорлан Сейітханқызы сөз алды.

 Ұстаздар қауымына 12 сынып оқушылары  ән арнады. Ал «Соңғы қоңырау» соғу мәртебесі жас түлек –  Асылбек Беделбаев  пен 1«А» сынып оқушысы  Айша Ахажанға берілді. Жарқын болашағын меңзейтін Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Гимні — «Елбасы мектебі» әнін  барлық оқушылар қосыла  шырқады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here